Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 16-тармағының 11-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
3. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «____»____________
№_____ бұйрығымен
бекітілген
Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру тәртібін айқындайды.
2. Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар деп танылады.
3. ҰОС-ға қатысушының куәлігін беру (бұдан әрі – куәлік) өтінішті қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсетеді.
5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті беру кезінде ҰОС-ға қатысушының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі куәлігі қайтарылып алынбайды.
2-тарау. Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру тәртібі
6. Куәлік беру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды. Әскери билетте немесе архивтік анықтамада ҰОС-ға қатысушы мәртебесін растау үшін қажет мәліметтер болмаған жағдайда мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен бір жұмыс күні ішінде өтініш білдірген адамды мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, куәлік беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
7. Куәлік беру тегін жүзеге асырылады.
8. Өтініш иесі (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі, оның көшірмесі құжаттар тізбесіне қоса беріледі) өтініш білдірген кезде куәлік алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беруге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
көлемі 30х40 мм фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс);
әскери билет немесе архивтік анықтама.
Ұлы Отан соғысына қатысушының
куәлігін беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі
Ұлы Отан соғысына қатысушының
куәлігін беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
________________________
(об­лы­сы)
________________________
(ауда­ны (қа­ла­сы) қорға­ныс істері
жөнін­де­гі­басқар­ма­сы­ның
(бөлі­мінің) ба­сты­ғы­на
Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруге өтініш
1. ___________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
2. ___________________________________________________________________
(туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
3. ___________________________________________________________________
(туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
4. ___________________________________________________________________
(отбасы жағдайы)
5. ___________________________________________________________________
(тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы)
6. ___________________________________________________________________
(уақытша келген, тұратын мекенжайы (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
(себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
________________________________ 20__ж. «___»________ ___________
(тегі және инициалдары) (қолы)