Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.
2. Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері, «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаев
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік
инспекциясы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Ә. Қарлыханов
2018 жылғы «22» қазан
Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «25» қазандағы
№ 6481 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Су объ­ек­тілерінің ата­уы
Әкім­шілік-аумақтық бір­лік­тер­дің ата­уы
Су қорғау ай­мағы мен бел­де­улерінің көле­мі, гек­тар
Су қорғау ай­мағы­ның ені, метр
Су қорғау бел­де­уінің ені, метр
1
Арал теңізі
Арал ауда­ны
Бө­ген ауыл­дық окру­гі
31266,300
500
35
2
Қа­ра­ша­лаң көлі
Арал ауда­ны Бө­ген ауыл­дық окру­гі
3410,42
500
35
3
Жа­лаңаш көлі
Арал ауда­ны
Қо­сжар ауыл­дық окру­гі
1594,03
500
35
4
Қа­яз­ды - Би­дай­көл көлі
Арал ауда­ны
Қо­сжар ауыл­дық окру­гі
1182,88
500
35
5
Лай­көл көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
1467,75
500
35
6
Ақ­ша­тау - Сорғақ көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
2428,53
500
35
7
Қа­ра­көл көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
1366,05
500
35
8
Суы­қкөл көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
200,09
500
35
9
Рай­ым көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
725,16
500
35
10
Ала­ша­көл көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
598,68
500
35
11
Шө­міш­көл көлі
Арал ауда­ны
Рай­ым ауыл­дық окру­гі
638,56
500
35
12
Құм­көл көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Әй­те­ке би кен­ті
246,11
500
35
13
Қо­тан­көл көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Май­да­көл ауыл­дық окру­гі
2047,04
500
35
14
Ақкөл көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Та­са­рық ауыл­дық окру­гі
852,37
500
35
15
Ащы­көл көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Ары­қ­ба­лық ауыл­дық окру­гі
371,66
500
35
16
Қа­ра­көл көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Қы­зы­лқұм ауыл­дық окру­гі
455,96
500
35
17
Қу­ан­да­рия көлі
Қа­за­лы ауда­ны
Та­са­рық жә­не Са­ры­бұлақ ауыл­дық округ­тері
15371,106
500
35
18
Қалған­да­рия көлі
Сыр­да­рия ауда­ны
А. Тоқ­маған­бе­тов ауыл­дық окру­гі
262,52
500
35
19
Та­у­шұқы­рой көлі
Ши­елі ауда­ны
Телікөл ауыл­дық окру­гі
401,4
500
35
20
Ала­бие көлі
Ши­елі ауда­ны
Та­лап­тан ауыл­дық окру­гі
1599,2
500
35
21
Үл­кен бар­ша көлі
Ши­елі ауда­ны
Бәй­геқұм ауыл­дық окру­гі
439,4
500
35
22
Ханқо­жа көлі
Ши­елі ауда­ны
Жөлек ауыл­дық окру­гі
4130,1
500
35
23
Қа­раө­зек ар­на­сы
Қы­зы­лор­да об­лы­сы Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Сыр­да­рия, Жалғаш, Қар­мақ­шы ауда­ны
17200,3
500
35
24
Қалған­да­рия – 200 көлі
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы
341,9
500
35
Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «22» қазандағы
№ 1247 қаулысына 2-қосымша
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.