«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 687 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с №
Мем­ле­кет­тік ор­ган
Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет түрі
Ли­цен­зи­я­ла­на­тын кі­ші қыз­мет түрі
Ли­цен­зи­ар
1
2
3
4
5
1
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақтау ми­ни­стр­лі­гінің Қоғам­дық ден­са­улық сақтау ко­ми­теті
Білім бе­ру қыз­меті
Кадр­лар­ды да­яр­лау бағыт­та­ры бой­ын­ша жоға­ры білім бе­ру
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Білім жә­не ғы­лым ми­ни­стр­лі­гінің Білім жә­не ғы­лым са­ла­сын­дағы бақы­лау ко­ми­теті
Кадр­лар­ды да­яр­лау бағыт­та­ры бой­ын­ша жоға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі білім бе­ру
Ді­ни білім бе­ру
2
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақтау ми­ни­стр­лі­гінің Қоғам­дық ден­са­улық сақтау ко­ми­теті
Білім бе­ру қыз­меті
Ба­ста­уыш білім бе­ру
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Білім жә­не ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Білім жә­не ғы­лым са­ла­сын­дағы бақы­лау ко­ми­тетінің білім са­ла­сын­дағы аумақтық бақы­лау де­пар­та­мент­тері
Негіз­гі ор­та білім бе­ру
Жал­пы ор­та білім бе­ру
Білік­тілік­тер бой­ын­ша, әс­ке­ри, ар­на­у­лы оқу орын­да­ры үшін ма­ман­ды­қтар­дың топ­та­ры бой­ын­ша тех­ни­ка­лық жә­не кәсіп­тік білім бе­ру
Білік­тілік­тер бой­ын­ша, әс­ке­ри, ар­на­у­лы оқу орын­да­ры үшін ма­ман­ды­қтар­дың топ­та­ры бой­ын­ша ор­та білім­нен кей­ін­гі білім бе­ру