Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 683 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Жедел тәртiппен жүргiзiлетiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 149-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 56-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 820 қаулысының 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).