«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдарына, білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымдарына, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту;»;
ведомстволардың функцияларында:
5), 6), 12), 36), 56) және 67) тармақшалар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев