Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1038-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулысы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев