Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы
Б. Асылова
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 568 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
Мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін толықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі.
2-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу тәртібі
3. Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14123 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесінің негізінде жасалған ел экономикасының салалары үшін кадрларға деген қажеттілікті келесі үш жылға арналған қысқа мерзімді болжамды ұсынады.
4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынған кадрларға деген қажеттіліктің қысқа мерзімді болжамының негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасын қалыптастырады.
Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы дайындық бағыты бойынша, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау дайындық деңгейлері бойынша қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырмасын бөлу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырады.
Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады.
Комиссия мүшелері арасынан көпшілік дауыспен Комиссия төрағасы, оның орынбасары және хатшы тағайындалады.
6. Білім беру саласындағы уәкілетті орган Комиссияның шешіміне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша бөлуді жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттары үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың әрбір бағыты бойынша квоталар қарастырылады.
8. Халықаралық келісімдерді іске асыру үшін білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу көзделеді