«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 22 қазандағы
№ 417 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі бар.
4. Заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
5. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Басқарманың толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Западное межрегиональное управление государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан»;
8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060011 Атырау облысы, Атырау қ., Құлманов к-сі, 137.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. 
11. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
13. Міндеті: өз құзыреті шегінде көмірсутектер мен уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қамтамасыз ету болып табылады.
14. Функциялары:
Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте мына функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
2) белгіленген тәртіпте, жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты әзірлейді және Министрліктің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;
3) рұқсаттық бақылау жүргізеді;
4) мынадай салаларда мемлекеттік бақылау жүргізеді:
көмірсутектер бойынша және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына;
көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына;
уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына;
мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына;
газ және газбен жабдықтау саласында;
жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді және уран өндіру бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына;
уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүргізеді;
6) белгіленген тәртіпте жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды;
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларға тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) реттелетін салалардағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бекітілген профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
10) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзеді және істерді қарастырады;
12) Басқарманың нормативтік құқықтық актілерін және нормативтік техникалық құжаттарын әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
13) нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді, және жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi ұсыныстарды Министрлікке уақтылы ұсынады;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;
15) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;
16) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;
17) жеткізушілерден өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдайды және оларға сәйкес қаржылық құжаттарға қол қояды;
18) сотқа жүгінеді және құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша істерді сотпен қарастыру кезінде қатысады;
19) нормативтік-құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындап, құзыреті шегінде мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
20) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстарды әзірлеуге, жүзеге асыруға, дайындауға қатысады;
21) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының стратегиялық мақсаттарына және міндеттеріне, индикаторларына және іс-шараларына жетуді жүзеге асырады және Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне олардың орындалуы бойынша  растайтын ақпаратты ұсынады;
22) жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжат айналымы мен ақпараттық ағымдарды қысқартуды қамтамасыз етеді;
23) қалыптастырылған істерді мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады;
24) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Министрліктің тапсырмаларына актілер және жауап жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;
25) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың орындалуына талдауды, бағалау және бақылауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
26) Басқарма жұмысының сапасын және өнімділігін жоғарылату мақсатында қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылау жүргізеді;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15. Басқарманың өз өкілеттіктері шегінде мыналарға құқығы бар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте реттелетін салалардағы тексерілетін объектілерге бақылауға қатысу кезінде кедергісіз кіруге;
2) басқармаға жүктелген функцияларды бақылау жүргізу кезінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын жұмысқа тартуға;
3) атқарушы органдардан, жер қойнауын пайдаланушылардан және өзге ұйымдардан, сонымен қатар азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәліметтерді, оның ішінде реттелетін салалардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті материалдар  мен ақпаратты сұратуға және алуға;
4) «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-дан өндіру, тасымалдау, мұнай және газды және мұнай өнімдерін өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;
5) «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпаратты, оның ішінде тауараларды, жұмыстар мен қызметтер сатып алу бойынша, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша кадрлар, оқытулар және т.б. ақпаратты сұрауға;
6) «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің тізбесін сұрауға;
7) «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-дан жетекшілік ететін салалардағы қажетті ақпаратты (есептер, түскен шағымдар мен арыздар, қолайсыз жағдайлар (авариялар) және т.б. бойынша) сұрауға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде заңнамамен белгіленген тәртіппен сәйкес шараларды қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізуге және қарауға, сондай-ақ тиісті органдарға тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жолдауға;
10) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізуге және актілердің бастамашы жобаларын Министрліктің салалық департаменттеріне қарастыруға беруге;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Басқарманың міндеттері:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын жүргізу;
2) реттелетін салаларда заңнама бұзушылықтарын жою бойынша шараларды қолдану;
3) реттелетін салаларда заңнаманың сақтамауы жағдайларындағы талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот талкылауларына талаптар қою және талапкер болуға қатысу;
4) бақылаудағы субъектілерді тексеру санын, тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
6) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
7) Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
8) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы назарына жеткізу;
9) Басқарма қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруда гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;
10) Басқармаға жүктелген функцияларды заңнамаға және осы Ережеге сәйкес уақтылы және сапалы орындау.
3. Басқарма жұмысын ұйымдастыру
17. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
18. Басқарманы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.
19. Басқарма басшысы болмаған кезде, оның міндеттерін орындау оның орынбасарына немесе Басқарманың өзге қызметкеріне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен жүктеледі.
20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жазаны салу мәселелері Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.
21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Басшының орынбасары болады.
22. Басшы Басқарманың қызметін ұйымдастырады, басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
23. Басшының өкілеттіктері:
1) өзінің орынбасарының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
4) өзге мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
5) басқарманың бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құжаттарға қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Басшының орынбасары:
1) өз өкілеттіктері шегінде Басқарманың қызметін  үйлестіреді;
2) Басшы болмаған кезде Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
4. Басқарманың мүлкі
26. Басқарма жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.
Басқарманың мүлкі оған мемлекет, Министрліктің атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны басқарманың теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
27. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және жою
29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 22 қазандағы
№ 417 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі бар.
4. Заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
5. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Басқарманың толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Южное межрегиональное управление государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан»;
8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі, 124.