2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) «2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
2) «2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3847 болып тіркелген, 2018 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
А.Мырзахметов
Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы «19» қазандағы
№ 192 қаулысына
қосымша
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Суб­си­ди­я­лау бағы­ты
Суб­си­дия көле­мі, мың тең­ге
Ет­ті, сүт­ті жә­не сүт­ті-ет­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
1.
Се­лек­ци­я­лық жә­не асыл тұқым­дық жұ­мыс жүр­гі­зу
1.1
Та­у­ар­лы ана­лық бас
1)
Ба­за­лық нор­ма­тив
200 000
2)
Қо­сым­ша нор­ма­тив
100 000
1.2
Асыл тұқым­ды ана­лық бас
1)
Ба­за­лық нор­ма­тив
60 000
2)
Қо­сым­ша нор­ма­тив
100 000
2.
Та­бын­ның өсі­мін мо­лай­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­тын ет­ті тұқым­дар­дың асыл тұқым­ды тұқым­дық бұқа­сын күтіп-бағу
65 000
3.
Им­порт­тық ет­ті бағыт­тағы асыл тұқым­ды неме­се та­за тұқым­ды ана­лық мал ба­сын са­тып алу
337 500
4.
Бұқа­шы­қтар­ды сый­ым­ды­лы­ғы 1000 мал ор­ны­нан ба­ста­ла­тын бор­дақы­лау алаң­да­ры­на өт­кі­зу шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
80 000
5.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­тері үшін бұқа­шы­қтар­ды бор­дақы­лау шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
60 630
6.
Асыл тұқым­ды сүт­ті бағыт­тағы ана­лық мал ба­сын са­тып алу
6.1
Аустра­лия, АҚШ жә­не Ка­на­да мен Еуро­па ел­дері­нен им­порт­талған
43 650
7.
Сүт өн­ді­ру құ­нын ар­зан­да­ту:
7.1
Бағым­дағы мал ба­сы 400 жә­не 50 ба­стан ба­ста­ла­тын ша­ру­а­шы­лы­қтар
60 000
 7.2
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тиві
23 382,072
Ет­ті құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
1.
Құс етін өн­ді­ру құ­нын ар­зан­да­ту
40 000
Жұ­мыр­тқа­лы құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
1.
Тағам­дық жұ­мыр­тқа өн­ді­ру құ­нын ар­зан­да­ту
40 000
Қой ша­ру­а­шы­лы­ғы
1.
Се­лек­ци­я­лық жә­не асыл тұқым­дық жұ­мыс жүр­гі­зу
1.1
асыл тұқым­ды ана­лық бас
180 000
1.2
та­у­ар­лық ана­лық бас
182 950
2.
Қо­зы өт­кі­зу құ­нын ар­зан­да­ту
50000
3.
Өң­де­у­ге өт­кізіл­ген би­я­зы жә­не жар­ты­лай би­я­зы жүн құ­нын ар­зан­да­ту
19936,313
Жы­лқы ша­ру­а­шы­лы­ғы
1.
Жы­лқы етін өн­ді­ру құ­нын ар­зан­да­ту
1904,7
2.
Бие сүтін өн­ді­ру жә­не өң­деу құ­нын ар­зан­да­ту
2 000
Азық өн­ді­ру
1.
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­діру­мен ай­на­лы­са­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­тері үшін құра­ма­жем за­уыт­та­ры өт­кіз­ген құра­ма­жем құ­нын ар­зан­да­ту
386,39
 
Жиы­ны:
1 647 339,475