Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің Степное ауылындағы көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Шағалалы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Степное ауылының:
Горький көшесі Максим Горький көшесі;
Калинин көшесі Мағжан Жұмабаев көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шағалалы ауылдық округінің әкімі
Г. Добромирова