«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2) және 67-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«67-1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
67-2) босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
67-3) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев