«Талас аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №29-8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес,Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Талас аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №29-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2170 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі «Талас тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рысбаев Сабырғали Әбдірахымбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
М.Миралиев
Аудандық мәслихат хатшысы
А.Тулебаев