«Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
мына:
«
3
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет жә­не спорт ми­ни­стр­лі­гі, оған ве­дом­ство­лық бағы­ны­стағы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
3 288
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет жә­не спорт ми­ни­стр­лі­гі­не ве­дом­ство­лық бағы­ны­стағы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
2 979
  »
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет жә­не спорт ми­ни­стр­лі­гі, оған ве­дом­ство­лық бағы­ны­стағы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
2 632
Қа­за­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет жә­не спорт ми­ни­стр­лі­гі­не ве­дом­ство­лық бағы­ны­стағы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
2 388
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев