Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi (101.01 – 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан);
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (150.00-нысан);
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (150.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан);
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан);
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияның нысаны (230.00-нысан);
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (240.00-нысан);
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан);
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан);
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация (320.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысаны (328.00-нысан);
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)» салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидалары;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес акциз бойынша декларацияның нысаны (400.00-нысан);
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес «Акциз бойынша декларация (400.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны (421.00-нысан);
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларацияның нысаны (500.00-нысан);
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес «Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларация (500.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияның нысаны (510.00-нысан);
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес «Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларацияның (есебінің) нысаны (531.00-нысан);
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес «Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есеп) (531.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес үстеме пайда салығы бойынша декларацияның нысаны (540.00-нысан);
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес «Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияның нысаны (560.00-нысан);
41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес «Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес экспортқа рента салығы бойынша декларацияның нысаны (570.00-нысан);
43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес «Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларацияның нысаны (590.00-нысан);
45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация (590.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларацияның нысаны (600.00-нысан);
47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация (600.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары бойынша декларацияның нысаны (641.00-нысан);
49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес «Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі (641.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларацияның нысаны (700.00-нысан);
51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес «Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.00-нысан);
53) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес «Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің нысаны (701.01-нысан);
55) осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес «Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
56) осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларацияның нысаны (710.00-нысан);
57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес «Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (710.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы есебінің нысаны (851.00-нысан);
59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдердің сомалар есебі (851.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары;
60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (860.00-нысан);
61) осы бұйрыққа 61-қосымшаға сәйкес «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация (860.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
62) осы бұйрыққа 62-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (870.00-нысан);
63) осы бұйрыққа 63-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
64) осы бұйрыққа 64-қосымшаға сәйкес жалға беру (пайдалану) шарттары тізілімінің нысаны (871.00-нысан);
65) осы бұйрыққа 65-қосымшаға сәйкес «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
66) осы бұйрыққа 66-қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан);
67) осы бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
68) осы бұйрыққа 68-қосымшаға сәйкес патент құны есебінің нысаны (911.00-нысан);
69) осы бұйрыққа 69-қосымшаға сәйкес «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
70) осы бұйрыққа 70-қосымшаға сәйкес тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияның нысаны (912.00-нысан);
71) осы бұйрыққа 71-қосымшаға сәйкес «Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
72) осы бұйрыққа 72-қосымшаға сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (920.00-нысан);
73) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
2-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі – КТС) арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық есептілігі нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мемлекеттік мекемелерді;
орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
110.00 немесе 150.00-нысандары бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар жасайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.11-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–»– алу; «х» – көбейту; «/»– бөлу; «=»– тең.
9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.
10. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
11. Салық төлеуші (салық агенті) декларацияны Салық кодексінің 204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.
12. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
13. Декларацияға қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2-Тарау. Декларацияны толтыру бойынша түсіндірме (100.00-нысан)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (жыл) – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық төлеушінің атауы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
4) декларация түрі:
тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні:
жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
6) Салық кодексінің 40-бабына сәйкес салық төлеушінің жекелеген санаттары:
торкөз, егер салық төлеуші А немесе В жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді:
А – сенімгерлік басқару;
В – сенімгерлік басқару құрылтайшысы;
7) валюта коды осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес;
8) табыс етілген қосымшалар:
салық төлеуші декларацияға табыс еткен қосымшалардың нөмірі белгіленеді;
9) резиденттік белгісі:
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі белгілейді;
10) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі;
егер декларацияны Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А жолда осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В жолда бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;
11) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің бар-жоғы.
Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.
15. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:
1) 100.00.001-жолда Салық кодексінің 227-бабына сәйкес айқындалатын, өткізуден түскен табыс сомасы, сондай-ақ Салық кодексінің 231-бабына сәйкес айқындалатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының табыс сомасы көрсетіледі;
2) 100.00.002-жолда Салық кодексінің 228-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс сомасы Салық кодексінің 300-бабының ережелерін есепке ала отырып көрсетіледі;
3) 100.00.003-жолда Салық кодексінің 232-бабына сәйкес айқындалатын провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстың сомасы көрсетіледі. Бұл жол 100.00.003 I жолын да қамтиды:
100.00.003 I жолда Салық кодексінің 232-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстың сомасы көрсетіледі;
4) 100.00.004-жолда Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің өзге де табыстарының сомасы, сондай-ақ Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымның табыстары көрсетіледі;
5) 100.00.005-жолда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.00.001 + 100.00.002 + 100.00.003 + 100.00.004 ретінде айқындалады;
6) 100.00.006-жолда Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі;
7) 100.00.007-жолда Салық кодексінің 241-бабы 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні теріс мәнге ие болуы мүмкін;
8) 100.00.008-жолда 100.00.007-жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған кезде) немесе 100.00.007-жолына азайтылған (егер бұл жолдың мәні теріс болған кезде) (100.00.005 – 100.00.006) + (–) 100.00.007), 100.00.005 және 100.00.006-жолдарының айырмашылығы ретінде айқындалып, түзетулерді есепке ала отырып жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі.
16. «Шегерімдер» деген бөлімде:
1) 100.00.009-жолда Салық кодексінің 242-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі. 100.00.009 I – 100.00.009 II + 100.00.009 III + 100.00.009 IV + 100.00.009 V – 100.00.009 VI – 100.00.009 VII – 100.00.009 VIII – 100.00.009 IX ретінде айқындалады;
100.00.009 I жолда салық кезеңінің басындағы қорлардың баланстық құны көрсетіледі. Аталған жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің алғашқы декларациясын табыс еткен салық төлеушіде салық кезеңінің басына қорлар болуы мүмкін емес;
100.00.009 II жол салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші табыс еткен тарату декларациясында 100.00.009 II жолы жою балансындағы деректерінің негізінде толтырылады;
100.00.009 III жолда:
салық кезеңінің ішінде келіп түскен қорларды, оның ішінде сатып, тегін, бірігу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған, жарғылық капиталға салым ретінде алынған, сондай-ақ өзге де негіздемемен келіп түскен;
тарапты ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, жеке тұлғалар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі.
100.00.009 III А бастап 100.00.009 III H дейінгі (100.00.009 III А + 100.00.009 III B + 100.00.009 III C + 100.00.009 III D + 100.00.009 III E +100.00.009 III F + 100.00.009 III G + 100.00.009 III H) жолдарының мәндерін қосумен айқындалады:
100.00.009 III А жолда салық төлеушінің есепті салық кезеңі ішінде сатып алған, өтеусіз алған қорлардың өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.009 III B жолда қаржылық қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III C жолда жарнамалық қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III D жолда консультация қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III Е жолда маркетинг қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III F жолда дизайнерлік қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III G жолда инжиниринг қызметтердің құны көрсетіледі;
100.00.009 III Н жолда есепті салық кезеңі ішінде сатып алған өзге де жұмыстар мен қызметтер құны көрсетіледі. Бұл жол декларацияның
100.00.010 – 100.00.019-жолдары бойынша шегерімге жатқызылатын сатып алынған жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстардың сомаларын қоспайды;
100.00.009 IV жолда шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.00.009 V жолда өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған жұмыстар мен қызметтердің құны, қорлардың өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.009 VI жолда тіркелген активтер, жалға алынған негізгі құралдар, преференция объектілері бойынша кейінгі шығыстар болып танылған жұмыстар мен қызметтердің құны, қорлардың өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.009 VII тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын, активтердің бастапқы құнына енетін, жұмыстар мен қызметтердің құны, қорлардың өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.009 V III жолда 100.00.009 VII жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 264-бабы 1) – 20) тармақшаларының негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын жұмыстар мен қызметтердің құны, қорлардың өзіндік құны, оның ішінде қорлардың табиғи кемуі бойынша шығыстардың сомасы Салық кодексінің 242-бабы 5-тармағына сәйкес шегерімдерге жатқызуға жатпайтын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұдан басқа, осы жол бойынша декларацияның 100.00.010 – 100.00.019-жолдары бойынша шегерімдерге жатқызылуы тиісқорлардың өзіндік құны көрсетіледі;
100.00.009 ІX жолда алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын жұмыстар мен қызметтердің құны, қорлардың өзіндік құны көрсетіледі және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс;
2) 100.00.010-жолда Салық кодексінің 243-бабы 7-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын тұрақсыздық айыптар (айыппұлдар, өсімпұлдар) бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
3) 100.00.011-жолда Салық кодексінің 243-бабы 9-тармағымен белгіленген негіздер бойынша шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
4) 100.00.012-жолда Салық кодексінің 243-бабы 11-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шегерім сомасы, сондай-ақ Салық кодексінің 243-бабы 12-тармағына сәйкес шегерімге жататын, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған, төленген сомасы көрсетіледі;
5) 100.00.013-жолда Салық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалған сыйақылар бойынша шегерім сомасы көрсетіледі;
6) 100.00.014-жолда Салық кодексінің 245-бабына сәйкес айқындалған өкілдік шығыстардың шегерім сомасы көрсетіледі;
7) 100.00.015-жолда Салық кодексінің 248-бабына сәйкес айқындалған күмәнді талаптар бойынша шегерім сомасы көрсетіледі;
8) 100.00.016-жолда Салық кодексінің 263-бабына сәйкес айқындалған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы көрсетіледі;
9) 100.00.017-жолда Салық кодексінің 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272 және 273-баптарына сәйкес айқындалған тіркелген активтер мен негізгі құралдар бойынша шегерім сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.02.011 және 100.02.012-жолдарының сомасы көшіріледі.
10) 100.00.018-жолда:
Салық кодексінің 274, 275 және 276-баптарына сәйкес айқындалған;
тіркелген активтердің инвестициялық жобасы шеңберінде пайдалануға енгізілген құнының бір бөлігі түрінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен жасасқан келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдердің сомасы көрсетіледі;
11) 100.00.019-жолда Салық кодексінің 250-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы көрсетіледі. Аталған жол 100.00.019 I жолын да қамтиды:
100.00.019 I жолда Салық кодексінің 250-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын шегерім сомасы көрсетіледі;
12) 100.00.020-жолда Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар сомасы көрсетіледі. Аталған жол бойынша мынадай шегерімдер көрсетіледі:
Салық кодексінің 244-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар;
Салық кодексінің 247-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді талаптар;
Салық кодексінің 252, 258 және 261-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылатын жер қойнауын пайдаланушылардың шығыстары;
Салық кодексінің 256-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың жарналары;
Салық кодексінің 262-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
100.03-нысанының 3G бағанында көрсетілген бейрезиденттің басқару және әкімшілік шығыстары;
осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, Салық кодексінің 249-бабына сәйкес шегерімдерге жататын шығыстар;
Салық кодексіне сәйкес салық төлеушінің шегерімге жатқызылатын және 100.00.009 – 100.00.019-жолдарында көрсетілмеген басқа да шығыстары;
13) 100.00.021-жолда шегерімдердіңқорытынды сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.00.021 І жолының немесе 100.00.021 ІІ немесе 100.00.021 ІІІ жолының мәні көшіріледі. Егер 100.00.021 ІІ жол толтырылса, 100.00.021 ІІ жолдың мәні көшіріледі. Егер 11-жол белгіленсе, 100.00.021 ІІІ жолдың мәні көшіріледі. Өзге жағдайларда 100.00.021 І жол көшіріледі:
100.00.021 І жолда 100.00.009 – 100.00.020-жолдардың сомасы ретінде айқындалатын шегерімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
Коммерциялық емес ұйымдар бөлек салықтық есепке алуды жүргізетін 100.00.009 – 100.00.020-жолдарда жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
100.00.021 ІІ жолда коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 289-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 100.10.026-жолы көшіріледі;
100.00.021 ІІІ жолда Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекеме(-лері)сі бар резиденттер шегерімге жатқызуы тиіс шығыстардың сомасы көрсетіледі. 100.00.021 I жолының және 100.05-нысанның I бағанының қорытынды мәнінің айырмасы ретінде айқындалады.
17. «Салық кодексіне сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:
100.00.022-жолда Салық кодексінің 286 және 287-баптарына сәйкес айқындалатын, табыстар мен шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі. 100.00.022 I және 100.00.022 II (100.00.022 I – 100.00.022 II) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады:
100.00.022 І жолда Салық кодексінің 286 және 287-баптарына сәйкес айқындалатын табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;
100.00.022 ІІ жолда Салық кодексінің 286 және 287-баптарына сәйкес айқындалатын шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.
18. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:
100.00.023-жолда Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;
100.00.024-жолда Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.
19. «Салық салынатын табысты есептеу» деген бөлімде:
1) 100.00.025-жолда салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 100.00.008 – 100.00.021 + 100.00.022 + 100.00.023 – 100.00.024 ретінде айқындалады;
2) 100.00.026-жолда салық төлеуші-резидент Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алған табыстарының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.05-нысанының Ғ бағанының қорытынды мәні көшіріледі.
100.00.026-жол анықтамалық сипатқа ие;
3) 100.00.027-жолда Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.04-нысанының Е бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
4) 100.00.028-жолда халықаралық салық салу ерекшелігін ескере отырып, салық салынатын табыс (шығын) сомасы көрсетіледі. 100.00.028-жолы (100.00.025 – 100.00.027) 100.00.025-жолын алып тастаумен 100.00.027-жолының айырмасы ретінде айқындалады;
5) 100.00.029-жолда Бақыланатын шетелдік компаниялардың (бұдан әрі – БШК) және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі – БШК ТМ) Салық кодексінің 297-бабына сәйкес айқындалған жиынтық пайдасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.09-нысанының L бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
6) 100.00.030-жолда БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасын ескере отырып, салық салынатын табыс (шығын) сомасы көрсетіледі. 100.00.030-жол 100.00.028 және 100.00.029-жолдардың сомасы ретінде айқындалады (100.00.028+100.00.029).
7) 100.00.031-жолда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, ортанатылмаған жабдықты өткізуден шығын көрсетіледі;
8) 100.00.032-жолда Салық кодексінің 300-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс шығын көрсетіледі. Егер 100.00.030-жолының теріс мәні болса, 100.00.032-жолы 100.00.030, 100.00.031-жолдарының және 100.02.008 І жолы модулінің сомасы ретінде айқындалады. Егер 100.00.030-жолының оң мәні болса, 100.00.032-жолына 100.00.031 және 100.02.008 I жолдарының сомасы көшіріледі;
9) 100.00.033-жолда Салық кодексінің 288-бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 100.00.033-жолы 100.00.033 I және 100.00.033 II жолдарын өзіне қосады.
100.00.033 І жолда Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі;
100.00.033 ІІ жолда Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі;
10) 100.00.034-жолда Салық кодексінің 288-бабына сәйкес есептелген азайтуды ескере отырып салық салынатын табыс көрсетіледі. 100.00.030 және 100.00.033-жолдарының айырмасы ретінде анықталады (100.00.033 – 100.00.030). Егер 100.00.033-жол 100.00.030-жолдан артық болса, 100.00.034-жолда нөл көрсетіледі;
11) 100.00.035-жолда алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген шығындар көрсетіледі;
12) 100.00.036-жолда алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдарды есепке ала отырып салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 100.00.034-жолда оң мән көрсетілген жағдайда, толтырылады. 100.00.034 және 100.00.035-жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (100.00.034 – 100.00.035). Егер 100.00.035-жол 100.00.034-жолдан артық болса, 100.00.036-жолда нөл көрсетіледі.
20. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:
1) 100.00.037-жолда Салық кодексінің 313-бабына сәйкес КТС ставкасы пайызда көрсетіледі. Егер салық төлеуші 20 және 10 % мөлшерінде ставкалардын бір мезгілде қолданатын болса, онда 100.00.037-жол толтырылмайды;
2) 100.00.038-жолда салық салынатын табыстың КТС сомасы көрсетіледі. 100.00.036 және 100.00.037-жолдарының (100.00.036 х 100.00.037) туындысы ретінде айқындалады. Егер салық төлеуші 20 және 10 % мөлшерінде ставкаларын бір мезгілде қолданатын болса, онда 100.00.038-жолда бөлек салық есебі деректерінің негізінде анықталған КТС сомасы көрсетіледі;
3) 100.00.039-жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген КТС сомасы көрсетіледі.100.00.038, 100.00.039 I, 100.00.039 II, 100.00.039 III, 100.00.039 IV, 100.00.039 V, 100.00.039 VI, 100.00.039 VII (100.00.038 – 100.00.039 I – 100.00.039 II – 100.00.039 III – 100.00.039 IV – 100.00.039 V – 100.00.039 VI – 100.00.039 VII) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер алынған айырма нөлден төмен болса, онда 100.00.039-жолда нөл көрсетіледі:
100.00.039 I жолда Салық кодексінің 303-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында КТС төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.05-нысанының І бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
100.00.039 II жолда Салық кодексінің 303-бабы 4-тармағына сәйкес есептелген БШК-ың немесе БШК ТМ-нің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығын есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.09-нысанының О бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
100.00.039 III жолда Салық кодексінің 302-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс КТС сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.00.039 IV жолда алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 302-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген КТС сомасы көрсетіледі;
100.00.039 V жолда бюджетке төленуі тиіс КТС сомасына кемітілетін, Салық кодексінің 302-бабы 2-тармағына сәйкес сыйақы түріндегі табыстан салық кезеңінде төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.00.039 VI жолда Салық кодексінің 653-бабына сәйкес табыстың төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.00.039 VII жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес салық кезеңінде табысынан Қазақстан Республикасының төлем көзінен ұсталған КТС немесеҚазақстан Республикасындағы көздерден БШК-ның салық салынатын табысынан төленген КТС сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.09-нысанының Q бағанының қорытынды мәні көшіріледі;
4) 100.00.040-жолда азайтуды есепке ала отырып, салық кезеңі үшін есептелген КТС сомасы көрсетіледі. 100.00.039 – 100.00.040 I ретінде айқындалады.
100.00.040 І жолда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін КТС азайту сомасы көрсетіледі;
5) 100.00.041-жолда Салық кодексінің 652-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. 100.00.036 және 100.00.038-жолдарының (100.00.036 – 100.00.038) айырмасы ретінде айқындалады;
6) 100.00.042-жолда таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі:
100.00.042 І жолда Салық кодексінің 302-бабы 2 және 3-тармақтарына және Салық кодексінің 303-бабына сәйкес КТС есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасын қоспағанда, Салық кодексінің 652-бабы 1-тармағына сәйкес 15 пайыздық ставка бойынша есептелген таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі (100.00.038 х 15%).
100.00.042 ІІ жолда халықаралық шартта көзделген ставка бойынша Салық кодексінің 670-бабына сәйкес есептелген таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа КТС қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа КТС ставкасы көрсетіледі;
100.00.042 ІІІ жол егер 100.00.042 ІІ жолы толтырылған жағдайда, толтырылады. Аталған жолға осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;
100.00.042 ІV жол егер 100.00.042 ІІ жолы толтырылған жағдайда, толтырылады. Аталған жолға халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;
7) 100.00.043-жолда есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. 100.00.040 + 100.00.042 I + 100.00.042 II жолдары ретінде айқындалады.
21. Салық есебін бөлек жүргізуге міндетті салық төлеуші Салық кодексiнде көзделген жағдайларда жалпы бөлек салықтық есеп деректері негізінде қызметтің барлық түрлері бойынша декларацияны (100.00-нысан) және оған қосымшаларды (100.06-нысаннан басқа, 100.01 – 100.11-нысандар) толтырады,егер мұндай формулалар осы декларацияда көрсетуге жататын мәндерін бұрмалауға әкеп соғатын болса, онда декларацияда (100.00-нысан) көзделген формуланы қолданбайды.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.001-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.005-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.001 I жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.001-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.002-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.006-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.003-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.007-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.004-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.008-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.005-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.021-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.005 I жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.009-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.005 II жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.017-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.006-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.022 I жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.007-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.022 II жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.008-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.023-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.009-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.024-жолда көрсетіледі.
100.06.010-жолы бойынша мәндер 100.00.025-жолына көшірілмейді, бұл ретте, 100.06-нысанды толтырған жағдайда, 100-нысанның 100.00.025-жолы толтырылмайды.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.011-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.026-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.012-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.027-жолда көрсетіледі.
100.06.013 жолы бойынша мәндер 100.00.028-жолына көшірілмейді, бұл ретте, 100.06-нысанды толтырған жағдайда, 100-нысанның 100.00.028-жолы толтырылмайды.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.014-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.029-жолда көрсетіледі.
100.06.015-жолы бойынша мәндер 100.00.030-жолына көшіруге жатпайды, бұл ретте, 100.06-нысанды толтырған жағдайда, 100-нысанның 100.00.030-жолы толтырылмайды.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.016-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.031-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.017-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.032-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.018-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.033-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.019-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.034-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.020-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.035-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.021-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.036-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.023-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.038-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 I жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 I жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 II жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 II жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.006.024 III жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 III жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 IV жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 IV жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 V жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 V жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 VI жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 VI жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.024 VII жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.039 VII жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.025-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.040-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.025 I жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.041 жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.026-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.041-жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.027 I жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.042 I жолда көрсетіледі.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.027 II жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.042 II жолда көрсетіледі.
100.06-нысанды толтырған жағдайда, 100-нысанның 100.00.042 III, 100.00.042 IV жолы толтырылмайды.
100.06-нысанның барлық қосымшаларының 100.06.028-жолы бойынша мәндері қосылады және жиынтық сомасы 100.00.043-жолда көрсетіледі.
Бұл ретте 100.06-нысанда қайталанатын 100.00-нысанның басқа жолдары, қызметтің барлық түрлері бойынша салық төлеуші жалпы толтыруы тиіс.
Салық кодексiнiң 194-бабына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы үшін салықтық нысандарды жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, және салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер бойынша салық есебін бөлек жүргізуді жүзеге асыратын, өз қызметін және қызметін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты шеңберінде жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушi декларацияны (100.00-нысан), бөлек салық есебі деректерiнiң негiзiнде және егер осындай формулаларды қолдану осы декларацияда көрсетуге жататын мәндерін бұрмалауға әкеп соғатын болса, декларацияда (100.00-нысан) көзделген формулалар мәнін қолданбайды.
22. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген ашық жолда басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) декларацияның тапсырған күні – декларацияның мемлекеттік кірістер органына тапсырған күні;
3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген ашық жолда декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
5) декларацияның қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақтары қағаз тасымалдағышта декларацияны қабылдаған, мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
3-Тарау. 100.01 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құны салығын төлеушi болып табылмайтын салық төлеушiлердiң шығыстары
23. Бұл нысанды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар толтырады. Нысанда шегерімге жатқызылмайтындарды қоса алғанда, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы нысандағы мәліметтер декларацияға және оған қосымшаларға көшірілмейді.
24. «Шығыстар» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) B бағанында салық төлеуші контрагенттің БСН/жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі;
3) C бағанында осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес бейрезидент контрагенттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
4) D бағанында бейрезидент контрагенттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған С бағанында резиденттік елінің коды көрсетілген кезде толтырылады;
5) E бағанында шығыс түрлерінің коды көрсетіледі:
1 – қаржы қызметтері;
2 – жарнамалық қызметтер;
3 – консультациялық қызметтер;
4 – маркетингтік қызметтер;
5 – дизайнерлік қызметтер;
6 – инжинирингтік қызметтер;
7 – өзге;
6) F бағанында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша құны көрсетіледі;
7) G бағанында қызмет түрлерінің белгісі көрсетіледі.
Бұл ретте:
«1» – егер шығындар (шығыстар) тек салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асатын қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында ғана шеккенде;
«2» – егер шығындар (шығыстар) тек салық салуы Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асатын қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында ғана шеккенде;
«3» – егер шығындар (шығыстар) салық салуы Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және701-баптарына сәйкес салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асатын қызмет пен арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асатын қызмет арасында бөлуге жатса;
«4» – егер шығындар (шығыстар) шегермедерге жатпаса.
4-Тарау. 100.02 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме- Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
25. Бұл нысан Салық кодексінің 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272 және 273-баптарына сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындауға, сондай-ақ Салық кодексінің 300-бабы 1-тармағына сәйкес кейінгі салық кезеңдеріне көшірілетін Ітоптың тіркелген активтерін шығарудан залалды айқындауға арналған.
26. «Тіркелген активтер бойынша шегерімдер» деген бөлімде:
1) 100.02.001-жолда салық кезеңнің басына топтардың құндық теңгерімінің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.001 І-ден 100.02.001 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.001 І жолда Салық кодексінің 267-бабы 7-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің басына І топ тіркелген активтерінің кіші топтары бойынша құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
100.02.001 ІІ жолда Салық кодексінің 267-бабы 7-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің басына ІI топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
100.02.001 ІІІ жолда Салық кодексінің 267-бабы 7-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің басына ІII топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
100.02.001 ІV жолда Салық кодексінің 267бабы 7-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің басына ІV топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
2) 100.02.002-жолда салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтердің құны көрсетіледі. 100.02.002 І-ден 100.02.002 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.002 І жолда Салық кодексінің 268-бабына сәйкес айқындалатын келіп түскен І топтың тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.002 ІІ жолда Салық кодексінің 268-бабына сәйкес айқындалатын келіп түскен ІІ топтың тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.002 ІІІ жолда Салық кодексінің 268-бабына сәйкес айқындалатын келіп түскен ІІІ топтың тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.002 ІV жолда Салық кодексінің 268-бабына сәйкес айқындалатын келіп түскен ІV топтың тіркелген активтерінің жалпы құны көрсетіледі;
3) 100.02.003 жолда шығарылған тіркелген активтердің құны көрсетіледі. 100.02.003 І-ден 100.02.003 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.003 І жолда Салық кодексінің 270-бабына сәйкес айқындалатын І топтың шығарылған тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.003 ІІ жолда Салық кодексінің 270-бабына сәйкес айқындалатын ІІ топтың шығарылған тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.003 ІІІ жолда Салық кодексінің 270-бабына сәйкес айқындалатын ІІІ топтың шығарылған тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
100.02.003 ІV жолда Салық кодексінің 270-бабына сәйкес айқындалатын ІV топтың шығарылған тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;
4) 100.02.004-жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес топтардың (кіші топтардың) құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын кейінгі шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.004 І-ден 100.02.004 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.004 І жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес кіші топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын І топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;
100.02.004 ІІ жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІI топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;
100.02.004 ІІІ жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІII топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;
100.02.004 ІV жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІV топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;
5) 100.02.005-жолда салық кезеңнің соңына топтардың құндық теңгерімнің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.03.005 І-ден 100.03.005 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.005 І жолда Салық кодексінің 267-бабы 8-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің соңына І топтың тіркелген активтерінің кіші топтарының құндық теңгерімнің жалпы сомасы көрсетіледі;
100.02.005 ІІ жолда Салық кодексінің 267-бабы 8-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің соңына ІI топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.005 ІІІ жолда Салық кодексінің 267-бабы 8-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің соңына ІII топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.005 ІV жолда Салық кодексінің 267-бабы 8-тармағына сәйкес айқындалатын салық кезеңнің соңына ІV топтың тіркелген активтерінің құндық теңгерімі көрсетіледі;
6) 100.02.006-жолда Салық кодексінің 271-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша есептелген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.006 І-ден 100.02.006 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.006 І жолда Салық кодексінің 271-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелінген І топтың тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;
100.02.006 ІІ жолда Салық кодексінің 271-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелінген ІІ топтың тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;
100.02.006 ІІІ жолда Салық кодексінің 271-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелінген ІІІ топтың тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;
100.02.006 ІV жолда Салық кодексінің 271-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелінген ІV топтың тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;
7) 100.02.007-жолда Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағына сәйкес амортизацияның қосарлы нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.007 І-ден 100.02.007 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.007 І жолда Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағына сәйкес І топтың тіркелген активтері бойынша амортизацияның қосарлы нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;
100.02.007 ІІ жолда Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағына сәйкес ІІ топтың тіркелген активтері бойынша амортизацияның қосарлы нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;
100.02.007 ІIІ жолда Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағына сәйкес ІIІ топтың тіркелген активтері бойынша амортизацияның қосарлы нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;
100.02.007 ІV жолда Салық кодексінің 271-бабы 7-тармағына сәйкес ІV топтың тіркелген активтері бойынша амортизацияның қосарлы нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;
8) 100.02.008-жолда Салық кодексінің 273-бабы 3-тармағын ескере отырып, Салық кодексінің 273-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылатын (ІІ, ІІІ, ІV топтары) немесе залал деп танылатын (І тобы) барлық тіркелген активтерді шығару кезіндегі топтардың (кіші топтардың) құндық теңгерімінің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.008 І-ден 100.02.008 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.008 І жолда Салық кодексінің 273-бабы 3-тармағын ескере отырып, Салық кодексінің 273-бабы 1-тармағына сәйкес залал деп танылатын І топтың шығарылған тіркелген активтерінің (өтеусіз бергенді қоспағанда) кіші топтарының құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
100.02.008 ІІ жолда Салық кодексінің 273-бабы 3-тармағын ескере отырып, Салық кодексінің 273-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІІ топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.008 ІІІ жолда Салық кодексінің 273-бабы 3-тармағын ескере отырып, Салық кодексінің 273-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІІІ топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.008 ІV жолда Салық кодексінің 273-бабы 3-тармағын ескере отырып, Салық кодексінің 273-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІV топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
9) 100.02.009-жолда Салық кодексінің 273-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және салық кезеңінің соңғы күніне дейін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына топтың (кіші топтың) құндық теңгерімінің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.009 І-ден 100.02.009 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.009 І жолда Салық кодексінің 273-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын І топтың тіркелген активтері бойынша республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және салық кезеңінің соңғы күніне дейін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімінің сомасы көрсетіледі;
100.02.009 ІІ жолда Салық кодексінің 273-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІ топтың тіркелген активтері бойынша республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және салық кезеңінің соңғы күніне дейін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.009 ІІІ жолда Салық кодексінің 273-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІІ топтың тіркелген активтері бойынша республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және салық кезеңінің соңғы күніне дейін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
100.02.009 ІV жолда Салық кодексінің 273-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІV топтың тіркелген активтері бойынша республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және салық кезеңінің соңғы күніне дейін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;
10) 100.02.010-жолда жұмыскерлердің есептелген кірістері бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын кейінгі шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.010 І-ден 100.02.010 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.010 І жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын І топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі.
100.02.010 ІІ жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІ топтың тіркелген активтері бойынша жұмсалатын кейінгі шығыстар көрсетіледі.
100.02.010 ІІІ жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІІ топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі:
100.02.010 ІV жолда Салық кодексінің 272-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІV топтың тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;
11) 100.02.011-жолда тіркелген активтер бойынша салық кезеңінің шегерімдерінің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.02.011 І-ден 100.02.011 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:
100.02.011 І жолда І топтың тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 100.02.006 І, 100.02.007 І, 100.02.009 І, 100.02.010 І жолдарының сомасы ретінде айқындалады (100.02.006 I + 100.02.007 I + 100.02.009 I + 100.02.010 I);
100.02.011 ІІ жолда ІІ топтың тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 100.02.006 ІІ, 100.02.007 ІІ, 100.02.008 ІІ, 100.02.009 ІІ, 100.02.010 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалады (100.02.006 II + 100.02.007 II + 100.02.008 II + 100.02.009 II + 100.02.010 II);
100.02.011 IІІ жолда ІIІтоптың тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 100.02.006 ІIІ, 100.02.007 IІІ, 100.02.008 ІIІ, 100.02.009 IIІ, 100.02.010 IІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалады (100.02.006 III + 100.02.007 III + 100.02.008 III + 100.02.009 III + 100.02.010 III);
100.02.011 ІV жолда ІVтоптың тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 100.02.006 ІV, 100.02.007 ІV, 100.02.008 ІV, 100.02.009 ІV, 100.02.010 ІV жолдарының сомасы ретінде айқындалады (100.02.006 IV + 100.02.007 IV + 100.02.008 IV + 100.02.009 IV + 100.02.010 IV);
12) 100.02.012-жолда Салық кодексінің 272-бабы 5-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын, жалға алынған негізгі құралдар бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі.
100.02.008 І жолы 100.02.030-жолын айқындау кезінде ескеріледі.
100.02.011 және 100.02.012-жолдарының сомасы 100.00.017-жолына көшіріледі.
5-Тарау. 100.03 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Бейрезиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары
27. Бұл нысан Салық кодексінің 662, 663, 664 және 665-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстар сомасын айқындауға арналған және Қазақстан Республикасымен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыстарға немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың алдын алу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі – халықаралық шарт) ережелерін қолданылатын тұрақты мекеме арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын бейрезидент толтырады.
28. «Қосымша ақпарат» деген бөлімде:
1) шығыстарды шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі. Салық кодексінің 662-бабына сәйкес шығыстарды шегерімге жатқызу кезінде қолданылатын әдіс белгіленеді:
А торкөзі егер барабар бөлу әдісі қолданылса, белгіленеді;
В торкөзі егер тікелей (тура) жатқызу әдісі қолданылса, белгіленеді;
2) барабар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеу тәсілі. Қолданылатын есептік көрсеткішті есептеу тәсілі белгіленеді:
А торкөзі, егер Салық кодексінің 663-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған есептік көрсеткішті есептеу тәсілі қолданылса, белгіленеді;
В торкөзі, егер Салық кодексінің 663-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған есептік көрсеткішті есептеу тәсілі қолданылса, белгіленеді;
3) халықаралық шарт жасасқан резиденттік елінің коды. Қазақстан Республикасы қолданылатын халықаралық шарт жасасқан осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;
4) салық кезеңі. Халықаралық шарт жасасқан елдегі салық кезеңінің басталу және аяқталу күні белгіленеді;
5) салық кезеңінің түзету коэффициент(-тер)і (бұдан әрі – СКТК). Салық кодексінің 664-бабына сәйкес қолданылған жағдайда К (К1 және К2) түзету коэффициент(тер)інің мөлшері белгіленеді.
29. «Шығыстар» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында тиісті көрсеткіштер айқындалған;
3) С бағанында бейрезидент салық төлеуші және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеме алған (алуы тиіс) жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі. Оны есепке ала отырып СКТК пайдаланған жағдайда;
4) D бағанында бейрезидент заңды тұлғаның және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеменің негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының сомасы көрсетіледі. Оны есепке ала отырып СКТК пайдаланлған жағдайда;
5) Е бағанында бейрезидент салық төлеушінің және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеменің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. Оны есепке ала отырып СКТК пайдаланлған жағдайда;
6) F бағанында қолданылатын тәсіл бойынша есептелген есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі. Есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметтен салыстырмалы көрсеткіштердің барабар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеу тәсілін қолдануға байланысты 4С жолда немесе формула бойынша 4С, 4D, 4Е жолдарының сомасының 3-ке қатынасы ((4С + 4D + 4Е)/3) ретінде айқындалатын бейрезиденттің салыстырмалы көрсеткіштеріне қатынасын білдіреді. Есептік көрсеткіштерді айқындау кезінде мыңдық үлестер көрсетіледі;
7) G бағанында бейрезиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметтен шығыстарының сомасы көрсетіледі;
8) Н бағанында G бағанында көрсетілген шығындарды есепке ала отырып, салық төлеуші шығынының жалпы сомасы көрсетіледі.
3G бағанының мәні 100.00.020-жолына қосылады.
6-Тарау. 100.04-нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс
30. Бұл нысан Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табысты айқындауға арналған. Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
31. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында оған сәйкес табысқа қатысты Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекше салық салу тәртібі белгіленген осы Қағидалардың 53-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі;
3) С бағанында халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;
4) D бағанында осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес халықаралық шарт жасалған елдің коды көрсетіледі;
5) Е бағанында халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс көрсетіледі.
7-Тарау. 100.05-нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Төленген шетелдік салық пен есепке жатқызу сомасынан шетел көздерінен алынған табыстар
32. Бұл форма шетелдік көздерден алынған табыстарын, оның ішінде Салық кодексінің 225 – 240-баптарына сәйкес салық салу жеңілдіктері бар елдердегі көздерден алынған табыстарын, сондай-ақ төленген шетелдік салықтығы және оларды есепке жатқызу сомаларын анықтауға арналған.
33. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес елдің коды көрсетіледі. Осы бағанда табысты төлейтін (тұрақты мекемемен байланысты емес қызметтен табыс есептелген жағдайда) бейрезиденттің резиденттік елінің коды, не табыс көзі – елдің коды (тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алған жағдайда) көрсетіледі.
3) С бағанында осы Қағидалардың 50-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шетелдік көздерден салық төлеуші-резидент есептеген Е бағанында көрсетілген табыс түрінің коды көрсетіледі.
Егер салық төлеуші-резидент есепті салық кезеңінде бір шетел мемлекетінде түрлі табыс түрлерін есептеген жағдайда, онда бұл бағанда осындай шет мемлекет көздерінен есептелген табыстардың әрбір түрі жеке көрсетіледі;
4) D бағанда осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес Е бағанында көрсетілген табыс валютасының коды көрсетіледі.
Егер салық төлеуші-резидент есепті салық кезеңінде табыстарды түрлі валютамен есептеген жағдайда, онда бұл бағанда әрбір валюта бойынша есептелген табыс сомасы жеке көрсетіледі;
5) Е бағанында шет мемлекеттердегі көздерден түскен табыстар сомасы Салық кодексінің 225-240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын есепті салық кезеңі ішінде салық төлеуші-резидент есептеген, оған:
шет мемлекетте тұрақты мекемемен байланысты емес қызметтен есептелген табыстар,
шет мемлекетте тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен табыстар,
жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден салық төлеуші- резидент есептеген, осы тармақта көрсетілген табыстарды қоса, шетел валютада көрсетіледі.
Егер салық төлеуші – резидент бір шет мемлекеттен бірнеше көздерден бір валютамен табыстың бір түрін есептеген жағдайда, онда бұл бағанда осындай шет мемлекетте есептелген осындай табыс түрінің жалпы сомасы көрсетіледі;
6) F бағанында операция жасалынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні анықталған, валюта айырбастаудың нарықты қбағамын қолдана отырып, ұлттық валютада қайта есептелген Е бағанында көрсетілген табыстар сомасы көрсетіледі;
7) G бағанында, соның ішінде жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден салық төлеуші-резидент есептеген, Салық кодексінің 225-240-баптарына сәйкес есептелген, осындай табыстарды қоса, шет мемлекеттегі тұрақты мекеме арқылы қызметтен есептелген табыстың шетел валютасындағы сомасы көрсетіледі:
8) H бағанында операция жасалынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні анықталған, валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, ұлттық валютада қайта есептелген G бағанында көрсетілген табыстар сомасы көрсетіледі;
9) I бағанында Салық кодексінің 303-бабы 1-3-тармақтарының ережелеріне сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызуға жататын шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстармен шетелдік табыс салығының сомасы ұлттық валютада көрсетіледі.
Бұл ретте шетелдік табыс салығының есепке жатқызылғансомасының мөлшері мынадай шамалардан тұратын:
салық төлеуші-резидент Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған табыстардан шет мемлекетте іс жүзінде төленген шетелдік табыс салығы сомасының;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстардан Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының;
Салық кодексінің 313-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында есептелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстардан корпоративтік табыс салығы сомасының ең азын білдіреді.
10) J бағанында тұрақты мекеме арқылы шет мемлекетте қызметтен салық төлеуші-резидент көтерген Салық Кодексінің 242-273-баптарына сәйкес шегерулер мен есептеулерге жатқызылған шығыстар сомасы ұлттық валютада көрсетіледі;
11) K бағанында салық төлеуші- резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемелердің шегерімдеріне жататын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстар сомасы ұлттық валютада көрсетіледі;
«2010», «2020», «2030», «2040», «2050», «2170» және «2190» табыстары түрлерінің кодына сәйкес келетін F бағаны жолдарының қорытынды мәні100.00.001-жолына көшіріледі.
«2060» табыстар түрлерінің өзге де кодтарына сәйкес келетін F бағаны жолының қорытынды мәні 100.00.002-жолына көшіріледі.
табыстар түрлерінің өзге де кодтарына сәйкес келетін F бағаны жолының қорытынды мәні 100.00.004-жолына көшіріледі.
F бағанының қорытынды мәні 100.00.026-жолына көшіріледі.
I бағанының қорытынды мәні 100.00.0 039 I жолына көшіріледі.
8-Тарау. 100.06 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Бөлек есепке алуды жүргізуді көздейтін қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеужөніндегі салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы
34. Бұл нысан бөлінетін санаттар бойынша КТС есептеу жөніндегі, Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтық есепті бөлек жүргізу қарастырылған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.
Аталған нысанды толтыру:
1) қызмет түрлерінің әрбір белгісі бойынша жеке;
2) оған сәйкес сенімгерлікпен басқарушыға КТС бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету міндеттемесі жүктелген сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қызмет жүзеге асырылған жағдайда – сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқарудың әрбір шарты жеке немесе мүлікті және өзге де қызметті сенімгерлік басқаруда туындайтын өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
3-жолда бөлек есепке алу жүргізуді көздейтін қызмет түрлеріне сәйкес келетін торкөзі белгіленеді:
1-белгі – Салық кодексінің 313-бабы 1-тармағында көзделген мөлшерлеме бойынша КТС есептеумен Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
2-белгі – Салық кодексінің 313-бабы 2-тармағында көзделген мөлшерлеме бойынша КТС есептеумен Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
3-белгі – оларды жүзеге асырудан табыстары Салық кодексінің 313-бабы 1-тармағында көзделген мөлшерлеме бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте КТС салуға жататын қызмет түрлері;
4-белгі – оларды жүзеге асырудан табыстары Салық кодексінің 313-бабы 2-тармағында көзделген мөлшерлеме бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте корпоративтік табыс салығын салуға жататын қызмет түрлері.
35. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) 100.06.001-жолда жылдық жиынтық табыс көрсетіледі;
100.06.001 I жолда Салық кодексінің 227-бабына сәйкес айқындалатын, өткізуден түскен табыс көрсетіледі;
2) 100.06.002-жолда Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі;
3) 100.06.003-жолда Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің сомасы көрсетіледі;
4) 100.06.004-жолда 100.06.001 және 1000.6.002-жолдарының айырмашылығы ретінде айқындалған, 100.06.003-жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған кезде) немесе 100.06.003-жолына азайтылған (егер бұл жолдың мәні теріс болған кезде) (100.06.001 – 100.06.002) + (–) 100.06.003) түзетуді есепке ала отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі;
5) 100.06.005-жолда шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
100.06.005 І жолда Салық кодексінің 242-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (пайдаланылған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің өзіндік құны көрсетіледі;
100.06.005 ІІ жолда Салық кодексінің 265-273-баптарына сәйкес айқындалатын, тіркелген активтер және жалға алынған негізгі құралдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстардың сомасы;
6) 100.06.006-жолда Салық кодексінің 286 және 287-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;
7) 100.06.007 ІІ жолда Салық кодексінің 286 және 287-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі;
8) 100.06.008-жолда Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес жүргізілетін, табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;
9) 100.06.009-жолда Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес жүргізілетін, шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі;
10) 100.06.010-жолда салық салынатын табыс (залал) көрсетіледі. 100.06.004 – 100.06.005 + 100.06.006 – 100.06.007 + 100.06.008 – 100.06.009 ретінде айқындалады;
11) 100.06.011-жолда резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстар сомасы көрсетіледі. 100.06.011-жол анықтамалық сипатқа ие;
12) 100.06.012-жолда Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;
13) 100.06.013-жолда халықаралық салық салу ерекшелігін есепке ала отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 100.06.013-жолы 100.06.012-жолын алып тастаумен (100.06.010 – 100.06.012), 100.06.010 – жолының айырмасы ретінде айқындалады;
14) 100.06.014-жолда БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасы Салық кодексінің 297-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған;
15) 100.06.015-жолда БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасын есепке ала отырып, салық салынатын табыс (шығын) сомасы көрсетіледі. 100.06.015-жол 100.06.013 және 100.06.014-жолдардың сомасы ретінде айқындалады (100.06.013+100.06.014).
16) 100.06.016-жолда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, ортанатылмаған жабдықты өткізуден шығындар көрсетіледі
17) 100.06.017-жолда Салық кодексінің 300-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі. Бұл жол 100.02.008 I жолын есепке ала отырып, толтырылады;
18) 100.06.018-жолда Салық кодексінің 288-бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі;
19) 100.06.019-жолда Салық кодексінің 288-бабына сәйкес есептелген азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 100.06.015 және 100.06.018-жолдарының айырмасы ретінде анықталады (100.06.015 – 100.06.018). Егер 100.06.018-жолы 100.06.015-жолынан артық болса, 100.06.019-жолда нөл көрсетіледі;
20) 100.06.020-жолда алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар көрсетіледі;
21) 100.06.021-жолда көшірілген залалдарды есепке ала отырып, салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 100.06.019-жолда оң мән көрсетілген жағдайда толтырылады. Осы жол 100.06.019 және 100.06.020-жолдарының айырмасы ретінде айқындалады (100.06.019 – 100.06.020). Егер 100.06.020 –жолы 100.06.019-жолынан артық болса, 100.06.021-жолда нөл көрсетіледі;
22) 100.06.022-жолда Салық кодексінің 313-бабына сәйкес КТС мөлшерлемесі пайызда көрсетіледі;
23) 100.06.023-жолда салық салынатын табыстың КТС сомасы көрсетіледі, 100.06.021 және 100.06.022-жолдарының туындысы ретінде айқындалады;
24) 100.06.024-жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес есепті кезеңде есептелген КТС сомасы көрсетіледі.100.06.023, 100.06.024 I, 100.06.024 II, 100.06.024 III, 100.06.024 IV, 100.06.024 V 100.06.024 VI, 100.06.024 VII (100.06.023 – 100.06.024 I – 100.06.024 II – 100.06.024 III – 100.06.024 IV – 100.06.024 V – 100.06.024 VI – 100.06.024 VII) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер алынған айырма нөлден төмен болса, онда 100.06.24-жолда нөл көрсетіледі;
100.06.024 I жолда Салық кодексінің 303-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында КТС төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі;
100.06.024 II жолда Салық кодексінің 303-бабы 4-тармағына сәйкес есептелген БШК-ың қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы көрсетіледі;
100.06.024 III жолда Салық кодексінің 302-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс КТС сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.06.024 IV жолда алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 302-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген КТС сомасы көрсетіледі;
100.06.024 V жолда бюджетке төленуі тиіс КТС сомасына кемітілетін, Салық кодексінің 302-бабы 2-тармағына сәйкес сыйақы түріндегі табыстан салық кезеңінде төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.06.024 VI жолда Салық кодексінің 653-бабына сәйкес табыстың төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
100.06.024 VII жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына немесе 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден БШК-ның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салық кезеңінде Қазақстан Республикасының төлем көзінен ұсталған КТС сомасы көрсетіледі;
25) 100.06.025-жолда салық міндеттемесін кемітуді есепке ала отырып, салық кезеңі үшін есептелген КТС сомасы көрсетіледі. 100.06.024 – 100.06.025 I ретінде айқындалады;
100.06.025 І жолда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін КТС кемітілген сомасы көрсетіледі;
26) 100.06.026-жолда Салық кодексінің 652-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. Аталған жол 100.06.021 және 100.06.023-жолдарының (100.06.021 – 100.06.023) айырмасы ретінде айқындалады;
27) 100.06.027-жолда таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі:
100.06.027 І жолда Салық кодексінің 302-бабы 2 және 3-тармақтарына және Салық кодексінің 303-бабына сәйкес КТС есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасын қоспағанда, Салық кодексінің 652-бабы 1-тармағына сәйкес 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі (100.06.026 х 15%).
100.06.027 ІІ жолда халықаралық шартта көзделген мөлшерлеме бойынша Салық кодексінің 670-бабына сәйкес есептелген таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа КТС қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа КТС мөлшерлемесі көрсетіледі;
100.06.027 ІІІ жол егер 100.06.027 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Осы жолда осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;
100.06.027 ІV жол егер 100.06.027 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;
28) 100.06.028-жолда есептелген КТС жиынтық сомасы көрсетіледі. Осы жол 100.06.025 + 100.06.027 I + 100.06.027 II ретінде айқындалады.
9-Тарау. 100.07 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Жылдық қаржылық есептіліктің құрамдауыштары туралы мәліметтер
36. Бұл нысанды халықаралық стандарттарға және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес есепті салық кезеңі үшін дайындалған бухгалтерлік есептің деректері негізінде (осы Қағидалардың 1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) салық төлеуші толтырады.
10-Тарау. 100.08 – нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Филиалдың немесе өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету үшін бейрезидент – заңды тұлғадан алынған активтер
37. Бұл нысан филиалдың немесе өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету үшін, бейрезидент-заңды тұлғадан алынған активтердің кірісін және шығысын көрсетуге арналған.
38. «Жалпы мәлімет» деген бөлімде:
1) 1-бағанда Қазақстан Республикасындағы бейрезидент-заңды тұлғаның филиалының немесе өкілдіктің БСН көрсетіледі;
2) 2-бағанда салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі көрсетіледі.
39. «Активтер» деген бөлімде:
1) 100.08.01-жолда алдыңғы салық кезеңіндегі 100.08 салық есептілігі нысанының 100.08.004-жолынан деректерді көшіру жолымен пайдаланылмаған активтердің қалдығы көрсетіледі;
2) 100.08.002-жолда филиалдың немесе өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету үшін бейрезидент-заңды тұлғадан алынған активтердің сомасы көрсетіледі, оның ішінде:
3) 100.08.002 А жолда ақшалай қаражаттың сомасы;
4) 100.08.002 В жолда негізгі құралдардың құны;
5) 100.08.002 С жолда материалдық емес активтердің құны;
6) 100.08.002 D жолда басқа да активтердің құны.
40. «Активтер бойынша шығыстар» деген бөлімде:
1) 100.08.003-жолда филиалдың немесе өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету үшін бейрезидент заңды тұлғадан алынған активтердің пайдаланған сомасы көрсетіледі, оның ішінде:
2) 100.08.003 А жолда еңбекақыны төлеу шығыстары;
3) 100.08.003 В жолда жалға алу төлемақы шығыстары;
4) 100.08.003 С жолда негізгі құралдарды сатып алуға шығыстар;
5) 100.08.003 D жолда материалдық емес активтерді сатып алуға шығыстар;
6) 100.08.003 Е жолда басқа да тауарларды сатып алуға да шығыстар;
7) 100.08.003 F жолда басқа да шығыстар көрсетіледі;
8) 100.08.004-жолда мынадай формула бойынша айқындалатын пайдаланылмаған активтердің қалдығы көрсетіледі: 100.08.001 – жолы + 100.08.002-жолы – 100.08.003-жолы.
11-Тарау. 100.09 – нысанды толтыру бойынша түсіндірме – Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық кірістеріне салық салу
41. Бұл форма есепке жатқызуға және корпоративтік табыс салығына жататын, БШК кірісінен төленетін көзден ұсталатын, немесе БШК салық салатын кірісінен төленген, Қазақстан Республикасы көздерінен алынған БШК қаржылық кірістер немесе ПҮ БШК қаржылық кірістер сомасы, БШК қаржылық кірістер немесе ТМ БШК қаржылық кірістермен кіріске салық туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.
Осы қосымшада Салық кодексінің 296-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынудан босатылуға жататын, Салық Кодексінің 296-бабының 2-тармағында анықталған резидент – салық төлеушіде растайтын құжаттар болған кезде, БШК қаржылық пайдасы немесе ТМ БШК қаржылық пайдасы көрсетуге жатпайды.
42. «БШК немесе ТМ БШК туралы ақпарат» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында әрбір БШК немесе әрбір ТМ БШК атауы көрсетіледі. БШК және ТМ БШК анықтамасы Салық кодексінің 294-бабында берілген;
3) С бағанында БШК немесе ТМ БШК құрылған (инкорпорацияланған) және резиденті болып табылатын елдің коды көрсетіледі. Егер БШК немесе ТМ БШК бір елде құрылған және басқа елдің резиденті болып табылған жағдайда, онда аталған бағанда олар құрылған (инкорпорацияланған) елдің коды көрсетіледі;
4) D бағанында олар құрылған (инкорпорацияланған) елдегі әрбір БШК немесе әрбір ТМ БШК мемлекеттік (салық) тіркеу нөмірі көрсетіледі. БШК немесе ТМ БШК екі тіркеу: мемлекеттік және салықтық тіркеу болған кезде, онда бұл бағанда салықтық тіркеу нөмірін көрсету қажет;
5) E бағанында тікелей, жанама, конструктивті қатысу коэффициентінің жалпы мөлшері немесе резидент – салық төлеушінің әрбір БШК бақылауы, оның тікелей, жанама, конструктивті иелігі немесе резидент – салық төлеушінің өз бетімен немесе бақылаушы тұлға (бақылайтын тұлғалар) арқылы, Салық кодексінің 297-бабы 7-тармағына сәйкес анықталатын БШК тікелей, жанама, конструктивті бақылауы көрсетіледі;
6) F бағанында осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес G бағанында көрсетілген қаржылық пайдасының валюта коды көрсетіледі;
7) G бағанында Салық кодексінің 297-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес анықталған әрбір БШК немесе әрбір ТМ БШК салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы шетел валютасымен көрсетіледі;
8) H бағанында Салық кодексінің 297-бабы 4-тармағына сәйкес БШК қаржылық пайдасынан немесе ТМ БШК қаржылық пайдасынан шетел валютасымен, резидент – салық төлеушінің растайтын құжаттары болған кезде Салық кодексінің 297-бабы 10-тармағында анықталған, азайтылған сомасы көрсетіледі.
Егер резидент-салық төлеуші Салық кодексінің 297-бабы 4-тармағын қолданбаған жағдайда, онда бұл бағанда «0» көрсетіледі;
9) I бағанында БШК немесе ТМ БШК қаржылық пайдасының сомасы салық салынғанға дейін азайтылған есеппен, G және H бағаны арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын, шетелдік валютада көрсетіледі;
10) J бағанында Салық кодексінің 297-бабы 5-тармағына сәйкес түзету коэффиценттерді қолдана отырып, түзетілген І бағанында көрсетілген қаржылық пайданың оң шамасы көрсетіледі. Егер резидент-салық төлеуші Салық кодексінің 297-бабы 5-тармағын қолданбаса, онда бұл баған толтырылмайды;
11) K бағанында Қазақстан Республикасында шетелдік валютада, салық салуға жататын қаржылық пайданың оң шамасы көрсетіледі, ол мына тәртіптің бірімен:
егер қаржылық пайдасы Салық кодексінің 297-бабы 5-тарамағына сәйкес түзету коэффиценттерді қолдана отырып түзетілген, І-бағанында көрсетілген жағдайда, J және E (J бағаны x E бағаны) бағандарының туындысы ретінде;
егер резидент-салық төлеуші Салық кодексінің 297-бабы 5-тармағын қолданбаған жағдайда, I және E (I бағаны x E бағаны) бағандарының туындысы ретінде айқындалады;
12) L бағанында К бағанында көрсетілген және Салық кодексінің 297-бабы 6-тарамағына сәйкес ұлттық валютанда аударылған Қазақстан Республикасында салық салуға жататын қаржылық пайданың оң шамасы көрсетіледі;
13) M бағанында БШК қаржылық пайдасымен кірістер салығы сомасы салық салуға дейін немесе ТМ БШК қаржылық пайдасы салық салуға дейін, Салық кодексінің 303-бабы 4-тарамағына сәйкес шетелдік валютада есептелген сомасы, резидент-салық төлеушіде Салық кодексінің 303-бабы 4-тармағында көрсетілген, растайтын құжаттары болған кезде көрсетіледі. Кірістер салығы Салық кодексінің 294-бабына сәйкес (Салық кодексінің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасының екінші абзацына сәйкес айқындалған тиімді мөлшерлемені қолданып) шетел валютасында айқындалған.
Егер БШК немесе ТМ БШК қаржылық пайдасы салық салуға дейін ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдегі кірістер қосылса (қосылған болса), салық салынған, көздерден төлем ұсталған жағдайда, кірістер салығына төлем көздерінен ұсталынған және есепті кезеңде төленген салық кіреді;
14) N бағанында БШК қаржылық пайдасымен кірістер салығы сомасы салық салуға дейін немесе ТМ БШК қаржылық пайдасы салық салуға дейін, Салық кодексінің 303-бабы 4-тармағына сәйкес (Салық Кодексінің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасының екінші абзацына сәйкес айқындалған тиімді мөлшерлемені қолданып) есептелген және резидент-салық төлеушіде Салық кодексінің 303-бабы 4-тармағында көрсетілген, растайтын құжаттары болған кезде, шетелдік валютамен төленген сомасы көрсетіледі. Егер М бағанында көрсетілген кіріс салығының сомасы шет мемлекетте төленген кіріс салығының сомасынан өзгеше болса, онда бұл бағанда төленген кіріс салығының сомасы көрсетіледі. Егер БШК қаржылық пайдасына немесе БШК ТМ қаржылық пайдасына екі немесе одан да көп шет мемлекетте кіріс салығы салынса, онда бұл бағанда тиімді мөлшерлеме осындай шет мемлекеттерде төленген кіріс салығының тиімді мөлшерлемесінің ең үлкен шамасын құрайтын, тек бір кіріске төленген салық сомасы көрсетіледі;
15) O бағанында Салық кодексінің 303-бабының 4-тармағына сәйкес есепке жатқызуға болатын, М және N бағандарында көрсетілген кіріс салық сомасын растайтын резидент-салық төлеушінің құжаттары болған кезде кіріс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл бағанда М және N бағандарында көрсетілген сомадан аз болатын, ұлттық валютада аударылған кіріс салығының сомасы валюта айырбастаудың мынадай:
егер бұл бағанда М бағанында көрсетілген кіріс салығының сомасы көрсетілген жағдайда, – есепті кезеңдегі валюта айырбастаудың нарықтық орташа арифметикалық бағамын;
егер, бұл бағанда N бағанында көрсетілген кіріс салығының сомасы көрсетілген жағдайда, – шет мемлекетте осындай кіріс салығы төленген күнге валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолданумен көрсетіледі;
16) P бағанында Қазақстан Республикасында БШК көздерінен алынған кірістер, ұлттық валютада көрсетіледі;
17) Q бағанында Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес шегерімге жататын, Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген резидент-салық төлеушінің растау құжаттары болған кезде, Р бағанында көрсетілген төлем көздері кірістерінен ұсталған КТС сомасы ұлттық валютада, көрсетіледі.
P және Q бағандары резидент-салық төлеуші Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларының ережелерін қолданған жағдайда ғана толтырылады.
L бағанының қорытынды мәні, 100.00.029-жолына көшіріледі.
O бағанының қорытынды мәні, 100.00.039 II-жолына көшіріледі.
Q бағанының қорытынды мәні 100.00.039 VII-жолына көшіріледі.
12-Тарау. 100.10-нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
43. Аталған нысан Салық кодексінің 289-бабы 1-тармағының шартына сәйкес акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, жеке меншік пәтерлер (үй-жайлар) иелерiнің кооперативтерiнен басқа Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша коммерциялық емес ұйымдардың салық салу объектісі туралы мәліметтерін көрсетуге арналған.
44. «Табыстар» деген бөлімде:
1) 100.10.001-жолда депозиттер бойынша сыйақы түрінде алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
2) 100.10.002-жолда грант түрінде алған кірістердің сомасы көрсетіледі;
3) 100.10.003-жолда кіру жарналары түрінде алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
4) 100.10.004-жолда мүшелік жарналар түрінде алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
5) 100.10.005-жолда кондоминиум қатысушыларының жарналары түрінде алған кірістердің сомасы көрсетіледі;
6) 100.10.006-жолда қайырымдылық көмек түрінде алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
7) 100.10.007-жолда демеушілік көмек түрінде алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
8) 100.10.008-жолда өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік көрсетіледі;
9) 100.10.009-жолда депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар бойынша сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кеткен сомасы көрсетіледі;
10) 100.10.010-жолда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алынған кірістің сомасы көрсетіледі;
11) 100.10.011-жолда 100.10.001-ден 100.10.010-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 100.00.004-жолына кіреді;
12) 100.10.012-жолда Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көзделмеген қызметтен түскен кірістер болған жағдайда, алынған кірістердің сомасы көрсетіледі;
13) 100.10.013-жолда 100.10.011 және 100.10.012-жолдарының сомасы ретінде айқындалатын кірістердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
45. «Шығыстар» деген бөлімде:
1) 100.10.014-жолда коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстар сомасы көрсетіледі. 100.10.014 І-ден 100.10.014 XXI-ге дейінгі жолдардың мәнін қосумен айқындалады:
100.10.014 І жолында электр энергиясына және жылу энергиясына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІІ жолында қаржылық қызметтерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІII жолында жалға алуға арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 IV жолында көліктік қызметтерге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 V жолында байланыс қызметтеріне арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 VІ жолында аудиторлық (консультациялық) қызметтерге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 VІІ жолында күзет қызметтеріне арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 VIII жолында адвокаттық қызметтерге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 IX жолында нотариалдық қызметтерге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 X жолында негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XІ жолында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар және өсімпұлдар сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XІІ жолында Салық кодексінің 243-бабы 11-тармағына сәйкес шегерімге жататын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шегерім сомасы, сондай-ақ Салық кодексінің 243-бабы 12-тармағына сәйкес шегерімге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген, аударымдар сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XІІI жолында айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XІV жолында сақтандыруға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XV жолында жарнамаға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XVІ жолында өзге де шығыстардың сомасы көрсетіледі
100.10.014 XVІІ жолында еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XVІІІ жолында әлеуметтік төлемдерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІXX жолында 100.10.014 IXX A-дан 100.10.014 IXXE дейінгі жолдарының сомасы ретінде айқындалған, іссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІXXA жолында бронь үшін шығыстардың төленуін қоса, іссапар орнына және кері жол жүруге арналған іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІXXB жолында бронь үшін төлеуді қоса, тұрғын үй жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІXXC және 100.10.014 ІXXD жолдарында Қазақстан Республикасы шегінде және одан тыс жерлердегі іссапарлар бойынша төленетін тәуліктік төлемдердің тиісті сомасы көрсетіледі;
100.10.014 ІXXE жолында салық төлеуші кіру визасын ресімдеу кезінде (виза құны, консулдық қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру) жұмсаған шығыстарының сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XX жолында өкілдік шығыстарының сомасы көрсетіледі;
100.10.014 XXI жолында салық кезеңінің шығыстарына жатқызылатын алдағы кезеңдер шығыстарының сомасы көрсетіледі;
2) 100.10.015 жолында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. 100.10.015I-ден 100.10.015XI дейінгі жолдардың мәнін қосумен айқындалады;
100.10.015 I-ден 100.10.015 XI дейінгі жолдарда іс-шаралардың түрлері бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
3) 100.10.016-жолда ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
4) 100.10.017-жолда шарт талаптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңі үшін төлеген (төлеуге жататын) сыйақының сомасы көрсетіледі;
5) 100.10.018-жолда қайырымдылық көмек түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
6) 100.10.019-жолда демеушілік көмек түріндегі шығыстарының сомасы көрсетіледі;
7) 100.10.020-жолда кіру жарналары түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
8) 100.10.021-жолда мүшелік жарналар түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
9) 100.10.022-жолда өтеусіз негізде ақша түрінде және басқа мүлік түрінде берген шығыстардың сомасы көрсетіледі;
10) 100.10.023-жолда 100.100.014-тен 100.10.022-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалған, шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.
46. «Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көрсетілмеген кірістердің үлес салмағын негiзге ала отырып шегерімдер есептеу» деген бөлімде:
1) 100.10.024-жолда 100.10.012-жолдың сомасы мен 100.10.013 жолдың сомасының қатынасы ретінде айқындалатын кірістердің жалпы сомасында Салық кодексінің 289-бабы 5-тармағына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістердің үлес салмағы көрсетіледі;
2) 100.10.025-жолда Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында және 100.10.023-жолында көзделмеген қызметтен кірістер болған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдардың және 100.00.021 I жолда көрсетілген шығыстар сомасы ретінде айқындалатын шығыстар көрсетіледі;
3) 100.10.026-жолда Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көзделмеген қызметтен кірістер болған жағдайда, шегерімдерге жатқызуға жататын шығыстар көрсетіледі. 100.10.025 және 100.10.024-жолдардың туындысы ретінде айқындалады. 100.10.026-жолдың шамасы 100.00.021 II жолына көшіріледі.
47. «Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстар мен басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстарды бөлек есепке алу көзделетін салық есебі деректерінің негізінде шегерімдерді есептеу» деген бөлімде:
100.10.027-жолда шегерімге жатқызуға жататын және Салық кодексінің 289-бабы 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстар мен басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстарды бөлек есепке алу көзделетін салық есебі деректерінің негізіндегі әдіс бойынша айқындалған шығыстардың сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 100.00.021 І жолының сомасы көшіріледі.
13-Тарау. 100.11-нысанын толтыру бойынша түсіндірме – Өтеусіз алынған (берілген) мүлік (қайырымдылық көмек, демеушілік көмек, ақша және басқа мүлік), мүшелік және кіру жарналары
48. Осы нысан коммерциялық емес ұйымдардың кіріс сомаларын айқындауға арналған.
49. «Есеп» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмірі не В бағанында көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмірі көрсетіледі.
Жол заңды тұлғада не жеке тұлғада «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БСН (ЖСН) болған кезде толтырылуы тиіс;
3) С бағанында осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;
4) D бағанында мүлікті өтеусіз берген (алған), мүшелік не кіру жарналарын алған (төлеген) бейрезиденттің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5) Е бағанында өтеусіз алынған (берілген) мүлік түрінің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының коды көрсетіледі. Декларацияны толтыру кезінде өтеусіз алынған (берілген) мүлік түрлерінің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының мынадай кодталуын пайдалану қажет:
1 – қайырымдылық көмек;
2 – демеушілік көмек;
3 – өтеусіз негізде алған (берген) ақша және басқа мүлік;
4 – кіру жарналары;
5 – мүшелік жарналар;
6 – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кірістер, депозиттер бойынша сыйақы және кондоминиумға қатысушылардың жарналары;
6) Ғ бағанында осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүліктің коды көрсетіледі. Бұл баған өтеусіз негізде аударымдар алынған жағдайда толтырылмайды;
7) G бағанында мүліктің өтеусіз алынғанын (берілгенін), мүшелік не кіру жарналарының алынғанын (төленгенін) растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
8) Н бағанында өтеусіз алынған мүліктің, алынған мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі;
9) І бағанында өтеусіз берілген мүліктің, төленген мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі.
14-Тарау. Кірістер, валюталар, елдер, халықаралық келісімдер, мүлік түрлерінің кодтары
50. Декларацияны толтыру кезінде мынадай табыс түрлерінің кодтауы пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер:
1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
1011 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
1030 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс;
1040 – «Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығының уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ Салық кодексінің 644-бабында белгiленген өзге де кірістер;
1050 – «Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығының уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;
егер Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;
1060 – мыналарды:
құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 (елу) және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;
1070 – талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1080 – талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1090 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және басқа да санкция түрлері түріндегі кіріс;
1100 – резидент-заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорларынан алынатын дивидендтер түріндегі кіріс;
1110 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс;
1120 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;
1130 – роялти түріндегі кіріс;
1140 – қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кіріс;
1150 – Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кіріс;
1160 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары түріндегі кіріс;
1170 – халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
1180 – теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;
1190 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кіріс;
1200 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;
1210 – еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
1220 – резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне көрсетілген адамдар алатын өзге де төлемдер;
1230 – жұмыс берушілер болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылары;
1240 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі;
1250 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі;
1260 – резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
1270 – қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;
1280 – ұтыс түріндегі кіріс;
1290 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
1300– бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
1310 – туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;
1320 – сенімгерлік басқару құрылтайшысы алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс;
1330 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;
1340 – міндеттемені есептен шығарудан алынған кіріс;
1350 – Қазақстан Республикасында шеккен күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;
1360 – резиденттен алынған сақтандыру, қайта сақтандыру шарты бойынша құрылған сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қорларының төмендеуінен түсетін кіріс;
1370 – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін кіріс;
1380 – Қазақстан Республикасында тіркелген активтердің шығып қалуынан түскен кіріс;
1390 – табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;
1400 – кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының Қазақстан Республикасындағы кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;
1410 – Қазақстан Республикасында резиденттен бұрыннан жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылар;
1420 – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
1430 – Қазақстан Республикасында әлеуметтік саласындағы объектілерді пайдалану кезінде шығыстардың кірістен асып кетуі;
1440 – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;
1450 – сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысы не Қазақстан Республикасында сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда пайда алушы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;
1460 – банктердің және резиденттен алынатын лицензиялардың негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың провизияларынан құрылған мөлшерді төмендетуден түсетін кіріс;
1470 – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде туындайтын басқа да кіріс;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын кіріс:
2010 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі, шет мемлекеттегі тауарларды өткізуден алған кіріс;
2020 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетулерден алынған кіріс;
2030 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқару, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (өкілдік және сотта және арбитражды органдарда мүдделерді қорғау жөніндегі қызметті, сондай-ақ нотариалдық қызметті қоспағанда) қызметтерін көрсетуден алынған кіріс;
2040 – Салық кодексінің 294-бабына сәйкес айқындалған салықтық жеңілдіктері бар мемлекеттерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды өткізуден алынған кіріс, сондай-ақ осындай мемлекеттерде тіркелген, бейрезиденттен резидент алған өзге де кірістер;
2050 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бірлескен қызметті жүзег асырудан алынған кіріс ;
2060 – өткізу кезінде құнның өсуінен алынған кіріс;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
бейрезиденттер шығарған бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан консорциумге бейрезидент-заңды тұлғаның қатысу үлесін іске асыру;
егер бейрезиденттер шығарған акциялар немесе бейрезидент - заңды тұлғаның активтері құнының 50 (елу) пайызынан артығын Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлкі құраса, осындай акцияларды іске асыру;
егер консорциумге бейрезидент-заңды тұлғаның қатысу үлесі немесе бейрезидент-заңды тұлғаның активтері құнының 50 (елу) пайызынан артығын Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлкі құраса, осындай қатысу үлесін іске асыру;
2070 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін – бейрезидентке борышты талап ету құқығын бергеннен алынған кіріс;
2080 – талап ету құқығын алушы салық төлеуші үшін – бейрезиденттегі борышты талап ету құқығын бергеннен алынған кіріс;
2090 – бюджеттен қайтарылған бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдан басқа, тұрақсыздың (айыппұл, өсімпұл) түріндегі және санкцияның басқа да түрлеріндегі кіріс;
2100 – бейрезидент-заңды тұлғадан түскен дивидент нысанындағы кіріс;
2110 – бейрезиденттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны қоспағанда, сыйақы нысанындағы кіріс;
2120 – бейрезидент-эмитенттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны қоспағанда, сыйақы нысанындағы кіріс;
2130 –бейрезиденттен алынатын, роялти нысанындағы кіріс;
2140 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлікті жалға беруден алынған кіріс;
2150 – қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүліктен алынған кіріс;
2160 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туындайтын тәуекелді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақы нысанындағы кіріс;
2170 – бейрезиденттен алынатын, халықаралық тасымалдауда көліктік қызметтер көрсетуден алынған кіріс;
2180 – теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген тұру уақытынан артық түсіру-тиеу операциялары кезінде кеменің тұрғаны үшін төлем түрінде бейрезиденттен алынатын кіріс;
2190 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі құбыржолы, электр беру желілерін, байланыстың оптикалы-талшықты желілерін пайдаланудан алынған кіріс;
2200 – жұмыс беруші болып табылатын, бейрезидентпен жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қызметінен алынатын бейрезидент-жеке тұлғаның кірісі;
2210 – еңбек көші-қонының рұқсаты негізінде шет мемлекеттің еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша резидент-көші-қонының кірісі;
2220 – басқару органы мүшелері, осындай тұлғаларға бейрезиденттерге қатысты жүктелген басқару міндетемелерін осындай міндеттерді іс жүзінде орындау орнына қарамастан жүктелуіне байланысты алынатын басшының (директорлар кеңесі, басқарма немесе өзге орган) гонорары және (немесе) өзге төлем;
2230 – жұмыс беруші болып табылатын бейрезидент Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрумен байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақы;
2240 – жұмыс беруші болып табылатын резидент Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрумен байланысты резидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақы;
2250 – Қазақстан Республикасындағы қызметтен бейрезидент-жұмыс берушіден материалдық тиімділік түрінде алынған резидент-жеке тұлғаның кірісі;
2260 – бейрезиденттер-жинақтау зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемі;
2270 – қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де резидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;
2280 – бейрезидент төлейтін ұтыс;
2290 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тәуелсіз жеке қызмет (кәсіби) көрсетуден алынатын кіріс;
2300 – бейрезидент-жеке тұлғадан резидент-жеке тұлғаның өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті өтеусіз алу немесе мұрагерлікке алу түріндегі кіріс;
2310 – өндірістік қаржы инструменті бойынша кіріс;
2320 – сенімгерлік басқару мекемесі болып табылатын резидент үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салықтық міндеттемелерді орындау жүктелмеген, бейрезидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс;
2330 – бейрезиденттің ислам банкіне орналастырған, инвестициялық депозит бойынша кіріс;
2340 – міндеттемені есептен шығарудан алынған кіріс;
2350 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шегілген күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;
2360 – бейрезиденттер алатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған, сақтандыру резервін төмендетуден алынған кіріс;
2370 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтатуды келісу үшін кіріс;
2380 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бекітілген активтерді өткізуден алынған кіріс;
2390 – геологиялық зерделеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарға арналған шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден алынған кіріс;
2400 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі кен орындарын өңдеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан кен орындарын өңдеу салдарын жою қорының ерекше сомасының асып кетуінен алынған кіріс;
2410 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі бейрезиденттен бұрын жүргізілген шегерім бойынша өтемақы;
2420 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған теріс бағамдық айырмасының сомасынан оң бағамдық айырмасы сомасының асып кеткен сомасы;
2430 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезіндегі шығыстардан кірістің асып түсуі;
2440 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан алынған кіріс;
2450 – сенімгерлік басқару шарты не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда тұтыну тиімділігі бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (алуға жататын) мүлікті сенімгерлік басқарудан алынған таза кіріс;
2460 – бейрезиденттен алынатын лицензия негізіндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және ұйымдар құрған провизиялар мөлшерін төмендетуден алынған кіріс;
2470 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа кірістер.
51. Валюта кодын толтыру кезінде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген, «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшасына сәйкес валюталардың кодтауын пайдалану қажет.
52. Ел кодын толтыру кезінде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімде бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшаға сәйкес елдердің кодтауын пайдалану қажет.
53. Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерінің мынадай кодтауын пайдалану қажет:
01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;
02 – Ислам Даму Банкiнiң құрылтай шарты;
03 – Орта Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім;
04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;
05 – Жаңа Үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;
06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;
07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;
08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;
09 – Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң келісімі;
10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;
11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;
12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;
13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкiн құру туралы келісім;
14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
15 – Орта Азия университетін құру жөніндегі шарт;
16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көпжақты агенттiгiн құру туралы конвенция;
17 – «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;
18 – Әуе қатынасы туралы келісім;
19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;
20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;
21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;
22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
54. Мүлік кодын толтыру кезінде мына кодтауды пайдалану қажет:
01 – ақша;
02 – қаржылық инвестиция;
03 – запастар;
04 – негізгі құралдар;
05 – материалдық емес активтер;
06 – қызмет;
07 – жұмыс;
08 – өзге.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
5-қосымша
«Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.01 – 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.01 – 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 305-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу міндеттілігі жүктелген КТС төлеушілердің мынадай салық есептілігі нысандарын жасау тәртібін айқындайды:
декларация тапсырғанға дейін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.01-нысан) (декларация тапсырылғанға дейінгі есеп);
декларация тапсырғаннан кейін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02-нысан) (декларация тапсырылғаннан кейінгі есеп).
2. Декларация тапсырылғанға дейінгі және декларация тапсырылғаннан кейінгі есептерді толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
5. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
6. Декларация тапсырылғанға дейінгі және тапсырылғаннан кейінгі есептерді жасау кезінде:
1) қағаз тасымалдағышта – есеп қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
7. Декларация тапсырылғанға дейінгі және тапсырылғаннан кейінгі есепке салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.
8. Декларация тапсырылғанға дейінгі және тапсырылғаннан кейінгі есептерді берген кезде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, декларацияны қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) белгісімен қолы койылып және мемлекеттік кірістер органының мөрiнiң (мөртабан) бедерi басылып бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
2-тарау. Декларация тапсырылғанға дейiнгi есепті толтыру бойынша түсіндірме (101.01-нысан)
9. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация тапсырылғанға дейінгі есеп табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық төлеушінің атауы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
Сенімгерлік басқарушы салық міндеттемесін заңды тұлғаның мүлігін сенімгерлік басқару шартына сәйкес орындаған кезде – сенімгерлік басқарушы жолда құрылтай құжаттарына сәй кес өзінің атауын көрсетеді;
4) есеп түрі.
Тиісті торкөздер декларация тапсырылғанға дейiнгi есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне жатқызуын ескере отырып белгіленеді;
5) салық төлеушінің жекелеген санаты.
Торкөздер, егер салық төлеуші A, B және C жолдарында көрсетілген санаттардың біріне немесе бірнешеуіне жатқызылған жағдайда, белгіленеді:
А – Салық кодексінің 697-701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
В – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқару;
С – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқару құрылтайшысы;
6) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім 378) бекітілген «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
7) резиденттік белгісі.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі белгілейді;
8) резиденттік елінің коды және салықтық тіркеу нөмірі.
Егер декларация тапсырылғанға дейiнгi есепті Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеуші жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А жолында шешімге «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшасына сәйкес бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В жолында бейрезиденттің резиденттік еліндегі бейрезиденттің салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
10. Егер сенімгерлікпен басқару шартымен сенімгерлікпен басқарушыға осындай шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлға өз қызметі бойынша және сенімгерлікпен басқару шарты шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі бірыңғай есепті жасайды.
Салық төлеуші Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимін қолданған кезде декларация тапсырылғанға дейінгі есеп жалпы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын қызмет бойынша жасалады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт және келісімшарттан тыс қызмет бойынша декларацияны тапсырылғанға дейінгі бірыңғай есепті жасайды.
11. «Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 1)тармақшасына сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» деген бөлімі алдыңғы салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеген және төлеген салық төлеуші толтырады.
Осы бөлімде:
1) 101.01.001-жолда алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есептерінде салық төлеуші есептеген КТС бойынша аванстық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі;
2) 101.01.002-жолда алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебінде есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі ретінде айқындалатын, декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі;
3) 101.01.003-жолда есепті салық кезеңінің қаңтар, ақпан, наурыз айлары үшін ай сайынғы аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі. 101.01.002-жолының үштен бір бөлігі ретінде айқындалады (101.01.002/3).
12. «Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 2)тармақшасына сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» деген бөлімі алдыңғы салық кезеңінде КТС бойынша аванстық төлемдерді есептемеген және төлемеген салық төлеуші толтырады.
Осы бөлімде:
1) 101.01.004-жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес есепті салық кезеңі үшін болжаммен есептелетін КТС сомасы көрсетіледі;
2) 101.01.005-жолда Салық кодексінің 652-бабына сәйкес есепті салық кезеңі үшін болжаммен есептелетін КТС сомасы көрсетіледі;
3) 101.01.006-жолда декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі. 101.01.004 және 101.01.005-жолдар ((101.01.004 + 101.01.005)/4) сомасының төрттен бір бөлігі ретінде айқындалады;
4) 101.01.007-жолды салық салынуы Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қызмет түрлерін жүзеге асыратын және 5-жолдың «А» торкөзін белгілеген салық төлеушілер толтырады.
Бұл жолда КТС бойынша аванстық төлемдердің азайтылған сомасының төрттен бір бөлігі мынадай тәртіпте айқындалады:
егер салық төлеуші Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қызметін тек арнаулы салық режимі шеңберінде ғана жүзеге асырған жағдайда – Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша болжаммен есептелетін КТС сомасының 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде айқындалады ((101.01.004/4) х 70%);
егер салық төлеуші бір мезгілде салық салу Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерін, сондай-ақ салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізілетін қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда – салық салу Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша алынған салық салынатын табыстан Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша болжаммен есептелетін КТС сомасының 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде айқындалады;
5) 101.01.008-жолда декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі.
Егер 5-жолдың «А» торкөзі белгіленген жағдайда, бұл жол 101.01.007-жолын (101.01.006 – 101.01.007) ескере отырып айқындалады. Егер 5-жолдың «А» торкөзі белгіленбеген жағдайда, бұл жолға 101.01.006-жолының мәні көшіріледі.
6) 101.01.009-жолда салық кезеңінің қаңтар, ақпан, наурыз айлары үшін ай сайынғы аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі 101.01.008-жолының үштен бір бөлігі ретінде айқындалады (101.01.008/3).
13. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) есептің берілген күні – мемлекеттік кірістер органына декларация тапсырылғанға дейінгі есепті берген күні;
3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда декларация тапсырылғанға дейiнгi есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
5) есептің қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес декларация тапсырылғанға дейінгі есептің табыс етілген күні;
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген декларация тапсырылғанға дейiнгi есептің тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3-тарау. Декларация тапсырылғаннан кейiнгі есепті толтыру бойынша түсіндірме (101.02-нысан)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің БСН;
2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация тапсырылғаннан кейінгі есепті салық кезеңі үшін тапсырылатын есеп (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық төлеушінің атауы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы;
4) есептің түрі.
Тиісті торкөздер декларация тапсырылғаннан кейiнгi есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша декларация тапсырылғаннан кейiнгi қосымша есеп табыс етілген жағдайда толтырылады;
6) салық төлеушінің санаты.
Торкөздер, егер салық төлеуші A, B және C жолдарында көрсетілген санаттардың біріне немесе бірнешеуіне жатызылған жағдайда, белгіленеді;
7) валюта коды 378 шешімге «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшасына сәйкес валюта коды;
8) резиденттік белгісі:
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі белгілейді;
9) резиденттік елінің коды және салықтық тіркеу нөмірі.
Егер декларация тапсырылғаннан кейiнгi есепті Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А-жолында 378 шешімге «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшасына сәйкес бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В-жолында бейрезиденттің резиденттік еліндегі бейрезиденттің салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
15. Егер сенімгерлікпен басқару шартымен сенімгерлікпен басқарушыға осындай шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлға өз қызметі бойынша және сенімгерлікпен басқару шарты шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі бірыңғай мемлекеттік кірістер органына декларация тапсырылғанға дейінгі есепті жасайды.
Салық төлеуші Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимін қолданған кезде декларация тапсырылғаннан кейінгі бірыңғай есеп жалпы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын қызмет бойынша жасалады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт және келісімшарттан тыс қызмет бойынша декларация тапсырғаннан кейін бірыңғай есеп жасайды.
16. «Алдыңғы салық кезеңі үшін КТС есептелген сомасы» деген бөлімде:
1) 101.02.001 жолда 101.02.001 I және 101.02.001 II жолдарының сомасы ретінде айқындалған алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген КТС сомасы көрсетіледі;
2) 101.02.001 I жолда Салық кодексінің 139-бабы 1-тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген КТС сомасы көрсетіледі;
3) 101.02.001 II жолда Салық кодексінің 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген таза табысқа КТС сомасы көрсетіледі;
17. «Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 3)тармақшасына сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» деген бөлімде:
1) 101.02.002-жолда декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшін төленуі тиіс және 101.02.001-жолда алдыңғы салық кезеңі үшін (3/4 * 101.02.001) КТС сомасының төрттен үш мөлшерінде айқындалған КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі;
2) 101.02.003-жолды Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінде арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші толтырады, және бұл ретте:
осындай режимді есепті салық кезеңінде қолданады;
осы есепті толтырған кезде 6-жолдың «А» торкөзі белгіледі.
Бұл жолда Салық кодексінің 700-бабына сәйкес аванстық төлемдердің азайтылған сомасының төртен үш бөлігі көрсетіледі, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
егер салық төлеуші Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қызметін тек АСР шеңберінде жүзеге асырған жағдайда – Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңіүшін есептелген КТС сомасынан 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде ((101.02.001 І х 3/4) х 70%);
егер салық төлеуші бір мезгілде алдыңғы салық кезеңінде салық салуы Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қызмет түрлерін, сондай-ақ салық салу жалпыға бірдей белгіленген тәртіптегі қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда – салық салу Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қызмет түрлері бойынша алған салық салынатын табыспен Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңінің қорытындысы бойынша есептелетін КТС сомасынан 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде;
3) 101.02.004-жолда есепті салық кезеңінің 2, 3 және 4-тоқсандары үшін төленуі тиіс ай сайынғы КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі.
Егер 6-жолдың «А» торкөзі белгіленген жағдайда 101.02.004-жолы 101.02.003-жолдары есептеле отырып айқындалады ((101.02.001 I – 101.02.003 + 101.02.001 II)/9).
Егер 6-жолдың «А» торкөзі белгіленбеген жағдайда, 100.00.004-жолы 100.00.002-жолының тоғыздан бірі ретінде айқындалады (100.02.002/9).
18. «Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 4)тармақшасына сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі» деген бөлімінде:
1) 101.02.005-жолда Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес есепті салық кезеңінің қорытындысы бойынша оны есептеу кезінде болжаммен алынатын КТС сомасы көрсетіледі;
2) 101.02.006-жолда Салық кодексінің 652-бабына сәйкес есепті салық кезеңінің қорытындысы бойынша оны есептеу кезінде болжаммен алынатын КТС сомасы көрсетіледі;
3) 101.02.007-жолда есепті салық кезеңі үшін болжамды КТС сомасының төрттен үші ретінде есептелген, декларация тапсырылғаннан кейiн төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі ((101.02.005 + 101.02.006) х (3/4));
4) 101.02.008-жолды қызметін Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын және 6-жолдың «А» торкөзін белгілеген салық төлеуші толтырады.
Бұл жолда мынадай тәртіпте айқындалатын КТС бойынша аванстық төлемдерді кеміту сомасы көрсетіледі:
егер салық төлеуші қызметін тек Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырған жағдайда – Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша болжаммен есептелетін КТС сомасының 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде айқындалады (101.02.005 х 70%)*3/4);
егер салық төлеуші қызметін Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде және салық салуы жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырған жағдайда - салық салу Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және 701-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша алынған салық салынатын табыстан Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағына сәйкес есепті салық кезеңінің қорытындысы бойынша болжаммен есептелетін КТС сомасының 70 (жетпіс) пайыздық мөлшерінде айқындалатын соманың төрттен үші мөлшерінде;
5) 101.02.009-жолда есепті салық кезеңінің 2, 3 және 4-тоқсандары ішінде төленуі тиіс ай сайынғы КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы көрсетіледі.
Егер 6-жолдың «А» торкөзі белгіленген жағдайда 101.02.009-жолы 101.02.008- жолы ескеріле отырып (101.02.007 – 101.02.008)/9) айқындалады.
Егер 6-жолдың «А» торкөзі белгіленбеген жағдайда 101.02.009-жолы 101.02.007-жолының тоғыздан бірі ретінде (101.02.007/9) айқындалады.
19. Салық төлеуші есепті салық кезеңі ішінде Салық кодексінің 305-бабы 7-тармағына сәйкес декларация тапсырылғаннан кейін есептің 101.02.004 немесе 101.02.009-жолдарында түзету сомаларын көрсете отырып, КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімдері басталмаған, есепті салық кезеңінің айлары үшін есепті салық кезеңі ішіндегі табыстың болжамды сомасының негізінде декларация тапсырылғаннан кейін қосымша есепті табыс етуге құқылы.
Декларация тапсырылғаннан кейiнгі қосымша есептерде көрсетілген түзетулер ескерілген, декларация тапсырылғаннан кейiнгi кезең үшін төленуі тиіс КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы теріс мәнде бола алмайды.
20. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) есептің тапсырылған күнідекларация тапсырылғаннан кейінгі есептің мемлекеттік кірістер органына тапсырылған күні;
3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда декларация тапсырылғаннан кейiнгi есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
5) есептің қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні;
6) құжаттың кіріс нөмірі – декларация тапсырылғаннан кейiн мемлекеттік кірістер органы берген есептің тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақтары қағаз тасымалдағышта декларацияны қабылдаған, мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
7-қосымша
«Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 307-бабындакөрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын(бұдан әрі – КТС) есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған КТС бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі – есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 308-бабына сәйкес салық агенті жасайды.
2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
6. Есеп жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
7. Есепке салық агенті не оның өкілі қол қояды және Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.
8. Есепті табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышта– екі данада жасалады, бір данасы декларацияны және мөр бедерін (мөртабанды) қабылдап алған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) және қолын көрсете отырып салық агентіне қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасымалдағышта – салық агенті пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпаратты компьютермен өңдеуге жол беретін электрондынысанда –салық агенті мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
2-тарау. Есепті толтыру жөніндегі түсіндірме (101.03-нысан)
9. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық агенті мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – есеп тапсырылатын есепті салық кезеңінің тоқсаны (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық агентінің атауы – құрылтайшы құжаттарға сәйкес заңды тұлғаның не жеке тұлғаның атауы;
4) есеп түрі.
Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып, белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4)тармақшасында көзделген есеп түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
6) валюта коды – «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім 378) бекітілген «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
7) резиденттік белгісі:
А торкөзін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын салық агенті белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын салық агенті белгілейді;
8) резиденттік елінің коды және салықтық тіркеу нөмірі.
Егер есеп Қазақстан Республикасының резиденті емес салық агенті жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А-жолында шешімге «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшасына сәйкес бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В-жолында бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
10. «Есеп» деген бөлімде:
1) 101.03.001 І, 101.03.001 ІІ және 101.03.001 ІІІ жолдары салық кезеңінің әр айы үшін салық агенті төлеген төлем көзінен ұсталатын табыстардың сомаларын көрсетуге арналған. 101.03.001 IV жолы 101.03.001 І, 101.03.001 ІІ және 101.03.001 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін төленген төлем көзінен салық салынатын табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
2) 101.03.002 І, 101.03.002 ІІ және 101.03.002 ІІІ жолдары төлем көзінен ұсталатын және салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке төленуі тиіс КТС сомасын көрсетуге арналған. 101.03.002 IV жолы 101.03.002 І, 101.03.002 ІІ және 101.03.002 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған.
11. «Салық агентiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) есептің тапсырылған күні – есептің мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні;
3) мемлекеттік кірістер органының кодысалық агентінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды.
4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолында есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
5) есептің қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні;
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы беретін есептің тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақтары қағаз тасымалдағышта декларацияны қабылдаған, мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
9-қосымша
«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 648-бабына сәйкес салық агентi жасайды.
2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
10. Есеп жасау кезінде:
1) қағаз тасымалдағышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
11. Есепке салық агенті не оның өкілі қол қояды және Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағына сәйкес қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағышта салық төлеушінің (салық агентінің) не оның өкілінің мөрімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырылады.
12. Есепті табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышта – екі данада жасалады, бір данасы есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және қолын көрсете және мөр (мөртабан) бедерін қоя отырып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасымалдағышта – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпаратты компьютермен өңдеуге жол беретін электронды нысанда –салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады..
13. Есепке қосымшаның «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде осы есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2-тарау. Есепті толтыру бойынша түсіндірме (101.04)
14. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық агенті мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі(бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есеп табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық агентінің атауы-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы;
4) есеп түрі.
Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;
5) хабарлама нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген есеп түрін табыс еткен жағдайда толтырылады.
15. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ және 101.04.001 ІІІ жолдары салық кезеңінің әр айы үшін бейрезидентке есептелген және төленген табыстардың сомаларын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.001 IV жолы 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ және 101.04.001 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын осы тармақшада көрсетілген салық кезеңі үшін табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
2) 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдары Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.002 IV жолы 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
3) 101.04.003-жолы салық агенті шегерімге жатқызған, есептелген, бірақ бейрезиденттерге төленбеген табыстардың сомасын көрсетуге арналған. 101.04.003-жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады.
Бейрезиденттердің есептелген, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып есепті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсаны танылады.101.04.003-жолы есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;
4) 101.04.004-жолы бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген, салық агенті шегерімге жатқызған, Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын 101.04.003-жолында көрсетілген табыстарынан алынатын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған. 101.04.004-жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады;
5) 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ, 101.04.005 ІІІ жолдары Салық көдексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін есептелген табыс сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.005 IV жолы 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ және 101.04.005 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын осы тармақшада көрсетілген салық кезеңі үшін табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
6) 101.04.006 І, 101.04.006 ІІ және 101.04.006 ІІІ жолдары Салық кодексінің 647-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.006 IV жолы 101.04.006 І, 101.04.006 ІІ және 101.04.006 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған.
16. «Салық агентiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) есептің табыс етілген күні – есептің мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
5) есептің қабылданған күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні;
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген есептің тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларын есепті қағаз тасымалдағышта қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
17. Есепке қосымшада (101.04):
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында бейрезидентке табысты төлеу жүргізген тоқсанның айы көрсетіледі.
Есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған, төленбеген табыстардың сомалары көрсетілген жағдайда, 4-тоқсан ішіндегі есептің В бағаны толтырылмайды;
3) С бағанында табыстар алушы шетел заңды тұлғасының (бұдан әрі – бейрезидент) толық атауы көрсетіледі;
4) D бағанында бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі.
Ел кодын толтыру кезінде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Әлем елдерінің жіктеуіші» деген 22-қосымшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттерден басқа, елдердің кодтауын пайдалану қажет. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттер үшін ел кодын толтырған кезде елдің коды ретінде бұйрыққа сәйкес осындай мемлекеттердің реттік нөмірін пайдаланылады;
5) Е бағанында бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;
6) F бағанында Салық кодексінің 644-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған осы Қағидалардың19-тармағына сәйкес табыс түрлерінің коды көрсетіледі;
7) G бағанында дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оған сәйкес табыстар туындайтын бейрезидент пен салық агентінің арасында жасалған келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі;
8) Н бағанында олар бойынша салықтарды ұстап қалу бойынша міндеттеме туындайтын есептелген және төленген, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстаудан босатылған табыс сомасы көрсетіледі.
Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда табысты есептелген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыстарды төлеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың есептелген және төленген сомасы көрсетіледі;
9) І бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;
10) J бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуы тиіс есептелген және төленген табыстардан табыс салығының сомасы көрсетіледі.
Операциялар (табыс төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табысты төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда табысты есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген төлем көзінен табыс салығының сомасы көрсетіледі.
Н – J бағандары бейрезиденттерге есептелген және төленген табыс сомалары бойынша толтырылады;
11) К бағанында салық агенті шегерімге жатқызған, салық кезеңі ішінде бейрезиденттерге есептелген, бірақ төленбеген табыс сомасы көрсетіледі.
Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда Салық кодекстің 314-бабында белгіленген, салық агенті шегерімге жатқызған салық кезеңінің соңғы күніне валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген, бейрезиденттердің төленбеген табыстарының сомасы көрсетіледі.
12) L бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;
13) М бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуға тиіс, салық агенті шегерімге жатқызған, есепті салық кезеңі ішінде есептелген, бірақ төленбеген бейрезиденттің табыстарынан алынатын табыс салығының сомасы көрсетіледі.
Операциялар шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда бейрезиденттің табысын шегерімге жатқызған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.
К – М бағандары шегерімге жатқызылған кезде бейрезиденттерге есептелген, бірақ төленбеген табыстардың сомалары бойынша толтырылады және есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;
14) N бағанында Салық көдексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген кірістер сомаларын көрсетіледі. Операциялар (табыстар төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табыс төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыс есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;
15) О бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 646-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;
16) Р бағанында Салық кодексінің 647-бабына сәйкес бюджетке аударылуға тиіс, Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген табыстан бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетіледі.
Операциялар шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда резидент еместің табысын шегерімге жатқызған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.
17) Q бағанында халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстап қалудан босатылған есептелген (төленген) табыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл ретте салықтарды ұстап қалудан босатылған деп халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төмендетілген салық ставкалары қолданылған сомалар да танылады. Операциялар (табыстар төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табыс төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыс есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;
18) R бағанында N бағанында көрсетілген табысқа қатысты қолданылған осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі;
19) S бағанында R бағанында 22 кодын көрсеткен кезде R бағанында көрсетілген халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;
20) T бағанында халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі. T бағаны осы Қағидалардың 17-тармағының 4) тармақшасына сәйкес толтырылады. Q-S бағандары егер салық төлеуші ратификацияланған мемлекетаралық және үкіметаралық шарттардың ережелерін қолданған жағдайда толтырылады.
Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның Н бағанының жиынтық сомалары 101.04.001 I, 101.04.001 II және 101.04.001 III тиісті жолдарына көшіріледі;
J-бағаны – 101.04.002 I, 101.04.002 II және 101.04.002 III тиісті жолдарына;
К бағанының қорытынды сомалары есепке барлық Қосымшасы бойынша жиынтық түрде 101.04.003-жолына, М-бағаны 101.04.004-жолына көшіріледі.
Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның N бағанының қорытынды сомалары тиісті 101.04.005 I. 101.04.005 II және 101.04.05 III жолдарына көшіріледі. Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның P бағанының қорытынды сомалары тиісті 101.04.006 I, 101.04.006 II және 101.04.006 III жолдарына көшіріледі.
3-тарау. Табыс түрлерінің кодтары
18. Есеп толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану қажет.
Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс түрлерінің кодтары:
1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
1030 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс;
1040 – уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекетте тiркелген тұлғаның нақты орындалу, көрсету орындарына қарамастан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ Салық кодексінің 644-бабында белгiленген өзге де кірістер;
1050 – уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдетілген салық салуы бар мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;
1060 – мыналарды:
құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;
1070 – талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1080 – талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1090 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және басқа да санкция түрлері түріндегі кіріс;
1100 – резидент-заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған инвестициялық пай қорларынан алынатын дивидендтер түріндегі кіріс;
1110 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс;
1120 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;
1130 – роялти түріндегі кіріс;
1140 – қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кіріс;
1150 – Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кіріс;
1160 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс;
1170 – халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
1180 – теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;
1190 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кіріс;
1200 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасалған еңбек келісімшарты (келісімі, келісімшарты) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;
1210 – еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
1220 – резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне аталған адамдар алатын өзге де төлемдер;
1230 – жұмыс берушілер болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылары;
1240 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі;
1250 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі;
1260 – резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
1270 – қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;
1280 – ұтыс түріндегі кіріс;
1290 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
1300 – бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
1310 – туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;
1320 – сенімгерлік басқару құрылтайшысы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс;
1330 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;
1340 – Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен пайда болған басқа да кірістер.
4-тарау. Халықаралық шарт (келісім) түрлерінің кодтары
19. Есепті толтыру кезінде халықаралық шарттар (келісім) түрінің мынадай кодталуын пайдалану қажет:
01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға алдын алу туралы конвенция;
02 – Ислам Даму Банкiнiң Құрылтай шарты;
03 – Орта Азия Өңірлік экологиялық орталығы жұмысының шарттары туралы келісім;
04 – Азия Даму Банкінің Құрылтай шарты;
05 – Жаңа үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;
06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;
07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;
08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;
09 – Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң келісімі;
10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;
11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;
12 – Инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенция;
13 – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiн құру туралы келісім;
14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
15 – Орта Азия университетін құру жөніндегі шарт;
16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы конвенция;
17 – «Нұр–Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;
18 – Әуе қатынасы туралы келісім;
19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;
20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi-мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;
21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;
22 – өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
11-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және корпопативтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) есептеуге арналған КТС бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімшартқа (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар және мемлекет атынан алушы жасайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (110.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-ден 110.11-ға дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда толтырылмайды.
7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+»– қосу; «-» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
10. Декларацияны толтыру кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
11. Салық төлеуші (салық агенті) декларацияны Салық кодексінің 204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.
12. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
14. Декларацияда (110.00-нысан) жер қойнауын пайдаланушының жалпы қызметі бойынша алған немесе шеккен есепті салық кезеңіндегі барлық табыстары мен шығыстары көрсетіледі. Бұл ретте 110.00 декларациясының табыстары мен шығыстарының 110.00.001 – 110.00.058 жолдары 110.01 және 110.02-нысаны қосымшаларының осыған ұқсас жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша жалпы КТС бойынша салық міндеттемесінің есебі келісімшарттан тыс қызмет бойынша және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша есептелген КТС сомасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша КТС сомасы 110.01-нысанында белгіленген тәртіпте айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттан тыс қызметі бойынша КТС сомасын 110.02-нысанында белгіленген тәртіпте айқындайды.
2-тарау. Декларацияны толтыру бойынша түсіндірме (110.00-нысан)
15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді:
1) салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
3) салық төлеушінің атауы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
4) декларация түрі.
Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;
6) Салық кодексінің 40-бабына сәйкес салық төлеушінің жекелеген санаттары.
Торкөздер, егер салық төлеуші А немесе В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді:
А – сенімгерлік басқару;
В – сенімгерлік басқару құрылтайгысы;
7) осы Қағиданың 66-тармағына сәйкес валюта коды.
8) ұсынылған қосымшалар.
Салық төлеуші берген декларацияға қосымшалардың нөмірі белгіленеді;
9) резиденттік белгісі.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі белгілейді;
10) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі;
Егер декларацияны Қазақстан Республикасының бейрезидент салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:
А жолында осы Қағидалардың 67-тармағына сәйкес бейрезиденттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;
В жолында бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
11) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің бар болуы.
Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.
16. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:
1) 110.00.001 жолында 110.01.001 және 110.01.005 және 110.02.001 (110.01.001 + 110.01.005 + 110.02.001) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден табыс көрсетіледі;
2) 110.00.002 жолында 110.01.002 және 110.02.002 (110.01.002 + 110.02.002) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі;
3) 110.00.003 жолында туынды қаржы құралдар, оның ішінде 110.02.003 жолда көрсетілген сома көшірілетін, алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, своп бойынша табыс көрсетіледі;
4) 110.00.004 жолында 110.01.03 және 110.02.004 (110.01.003 + 110.02.004) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;
5) 110.00.005 жолында 110.01.004 және 110.02.005 (110.01.004 + 110.02.005) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;
6) 110.00.006 жолында 110.01.006 және 110.02.006 (110.01.006 + 110.02.006) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;
7) 110.00.007 жолында 110.01.007 жолында көрсетілген сома көшірілетін, Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыс көрсетіледі;
8) 110.00.008 жолында 110.01.008 және 110.02.007 (110.01.008 + 110.02.007) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;
9) 110.00.009 жолында 110.01.010 жолда көрсетілген сома көшірілетін, жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыстардың сомасы көрсетіледі;
10) 110.00.010 жолында 110.01.009 жолда көрсетілген сома көшірілетін, кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар көрсетіледі;
11) 110.00.011 жолында 110.01.011 және 110.02.008 жолдарының сомасы (110.01.011 + 110.02.008) ретінде айқындалатын жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, егер бұл сомалар бұрын шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;
12) 110.00.012 жолында 110.01.012 жолда көрсетілген сома көшірілетін, бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар көрсетіледі;
13) 110.00.013 жолында 110.01.014, 110.01.016 және 110.01.018 және 110.02.009 (110.01.014 + 110.01.016 + 110.01.018 + 110.02.009) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, дивидендтер, депозит, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты бойынша сыйақы, ұтыстар көрсетіледі;
14) 110.00.014 жолында 110.01.013 жолда көрсетілген сома көшірілетін, өтеусіз алынған мүлік, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету түріндегі табыс көрсетіледі;
15) 110.00.015 жолында 110.01.017 және 110.02.010 (110.01.017 + 110.02.010) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;
16) 110.00.016 жолында 110.01.015 жолында көрсетілген сома көшірілетін, таза табысты бөлу кезінде салық кезеңі ішінде алынған және әр құрылтайшының, қатысушының үлестерін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіруге бағытталған табыс көрсетіледі;
17) 110.00.017 жолында 110.01.020 жолында көрсетілген сома көшірілетін, жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдаланғаннан алған табыстар көрсетіледі;
18) 110.00.018 жолында 110.01.011 жолында көрсетілген сома көшірілетін, ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс көрсетіледі;
19) 110.00.019 жолында 110.01.019 жолында көрсетілген сома көшірілетін, роялти түріндегі салық төлеуші алуға жататын (алған) табыс көрсетіледі;
20) 110.00.020 жолында 110.01.021 жолында көрсетілген сома көшірілетін, геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыс көрсетіледі;
21) 110.00.021 жолында 110.01.022 және 110.02.012 (110.01.022 + 110.02.012) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің басқа да табыстары көрсетіледі;
22) 110.00.022 жолында 110.01.023 және 110.02.013 (110.01.023 + 110.02.013) жолдарын қосумен айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;
23) 110.00.023 жолында 110.01.024 және 110.02.014 (110.01.024 + 110.02.014) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;
24) 110.00.024 жолында 110.01.015 жолда көрсетілген сома көшірілетін, ТМҚ (бұдан әрі – ТМҚ) бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;
25) 110.00.025 жолында 110.01.025 және 110.02.016 (110.01.025 + 110.02.016) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.
17. «Шегерімдер» деген бөлімде:
1) 110.00.026 жолында 110.01.026 және 110.02.017 (110.01.026 + 110.02.017) шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;
2) 110.00.027 жолында 110.01.036 және 110.02.018 (110.01.036 + 110.02.018) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;
3) 110.00.028 жолында 110.01.019 жолда көрсетілген Салық кодексінің 243-бабы 9-тармағымен бекітілген негіздер бойынша шегерімдерге жатқызылатын қосылған құн салығынаң сомасы көрсетіледі;
4) 110.00.029 жолында 110.01.020 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын, салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;
5) 110.00.030 жолында 110.01.027 және 110.02.021 (110.01.027 + 110.02.021) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;
6) 110.00.031 жолында 110.02.022 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомалары көрсетіледі;
7) 110.00.032 жолында 110.01.028 және 110.02.023 (110.01.028 + 110.02.023) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер көрсетіледі;
8) 110.00.033 жолында 110.01.029 және 110.02.024 (110.01.029 + 110.02.024) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;
9) 110.00.034 жолында 110.01.030 жолында көрсетілген сома көшірілетін, шегерімге жатқызылатын кен орынд