Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген кіріс салығын бюджеттен қайтаруға;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салықтық резиденттігін растауға арналған;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының дұрыстығын растау бойынша.
2. 20 қосымшаға сәйкес көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
1 қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
2- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
3 - қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
4 - қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
5- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
6- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
7- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
8- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
9- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
10- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
11- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
12- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
13- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
14- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 15-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
16- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
17- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
18- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
19- қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына
20- қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күшін жоғалтқан кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 660 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12625 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 681 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12919 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 маусымдағы № 371 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14086 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы және «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 618 бұйрығының 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14626 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 700 бұйрығының 1 тармағының 2) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14769 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 200 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15058 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған).